13 Қаңтар 2014, 16:15

С.Ахметов Елбасыға ҚР-ның 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Н. Назарбаев ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында С.Ахметов Мемлекет басшысына еліміздің 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер туралы баяндады, сондай-ақ индустриялық-инновациялық бағдарламаның екінші кезеңін әзірлеу барысы жөнінде мәлімдеді.

Мемлекет басшысы «Қазақстан - 2050» стратегиясын орындаудың нақты жолдарын әзірлеудің, сондай-ақ Қашаған мен Қарашығанақ тәрізді ірі жобалар айналасында өндірістік инфрақұрылымдар аясын ұлғайта отырып оларды одан әрі іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев энергетиканы дамытуға, маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға назар аударды. Бұл орайда Мемлекет басшысы Үкіметтің аса маңызды міндеттері азаматтардың әл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамту және қазақстандықтардың әлеуметтік көңіл-күйі жоғары болуын қамтамасыз ету болып қала беретініне тоқталды.

Премьер-Министр 2013 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 6% болғанын, инвестиция көлемі 6,5%-ға, өнеркәсіп өндірісі 2,3%-ға, құрылыс көлемі 3%-ға, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 11,6%-ға ұлғайғанын айтты. Бұған қоса, жұмыссыздық деңгейі 5,2%, инфляция деңгейі 4,8% болды.

Сондай-ақ, С.Ахметов индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың келесі кезеңі әзірленіп жатқандығын, онда экономиканың негізгі салаларын әртараптандыруға, кластерлерді дамытуға, сондай-ақ технологиялар мен инновациялар трансфертіне ерекше назар аударылатын айтты.  

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.         

 

Автор: Н. Нурахмет
 Басты сөздер: Экономика , Қазақстан Президенті , ҚР Премьер-Министрі
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

KASE күндізгі сессиясы: доллар = 327,41 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Пікір қалдыру

Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Қазақстанда Дүниежүзілік темекімен күрес күніне арналған айлық басталды
АУА РАЙЫ: 1 мамыр күні еліміздің солтүстігі мен шығысында күн салқын болады
ФУТБОЛ: «Бетис» командасын ұтқан «Барселона» Испания чемпионатындағы бірінші орнына оралды
Ақтауда электротехникалық қондырғылар шығаратын бірлескен кәсіпорын құрылады
Қызылордада мұғалімдер мен дәрігерлерге 270 пәтер берілді
Қытайдың тоғыз тұрғыны панданы өлтіргені үшін сотталды
Сәбіз шырынының денсаулыққа пайдасы
Т. Дүйсенова: Қазақстанда əрбір төртінші адам қауіпті əрі зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда əрбір төртінші адам қауіпті əрі зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін VI қазақстандық халықаралық конференция ҚР Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мəлім етті.

Пікір білдірілген мақалалар