10 Мамыр 2013, 08:58

Бөкейордалық оқушы республикалық радиобайқаудан бірінші жүлдемен оралды - БҚО

ОРАЛ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Бөкей ордасы аудандық балалар музкыа мектебінің ұстазы, домбырашы Азамат Зайноллиннен дәріс алып жүрген өнерлі шәкірт Қуаныш Құбайтов (М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы) таяуда Қазақ радиосы,

«Шалқар» ұлттық арнасы және «Атадан қалған мұра» қоры ұйымдастырған екінші республикалық «Тайжарыс» радиобайқауында (Көкшетау қаласы, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы) жүлделі бірінші орынды иеленді.

Осылайша ол Қазақ радиосының директоры Махат Садық, «Шалқар» радиосының бас редакторы Көпен Әмірбек және «Атадан қалған мұра» қорының директоры Гүлден Жұмабай қол қойған диплом мен бағалы сыйлықты еншіледі.

Бөкей ордасы - ежелден өнер ордасы. Күй атасы Құрманғазы мен күй анасы Дина, Дәулеткерей мен Сейтек сынды бірегей дарындар шыққан өлке.

Автор: Елжан Ералы
 Басты сөздер: Мәдениет , Батыс Қазақстан облысы
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебін 170 түлек бітіріп отыр (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Құлақтан үні кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанаты өткізілді.

Пікір қалдыру

Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Головкин «Ай соққысы» аталымына ұсынылды
Криштиану Роналду 41 жасына дейін доп теппек
Түркияда миналанған көлік жарылып, 3 адам қаза тапты
Ақтауда 80 жасқа келген қария ғылыми диссертация қорғады
26 мамыр. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
Үндістанда салмағы алты айлық баланыкіндей қыз дүниеге келді
Қазақстандықтар қажылыққа Астана, Алматы және Шымкенттен аттанады (ФОТО)
Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Атырау облысы әкімінің шешімімен өңір басшысының орынбасары болып Әлібек Наутиев тағайындалды.

Пікір білдірілген мақалалар