15 Ақпан 2013, 13:51

«Шалқар» радиосы онлайн режимде көрсетіле бастады

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - «Шалқар» радиосының тарихында бүгін үлкен жаңалық болды.  Бүгіннен бастап халықтың сүйікті радиосы бейне-онлайн режимде (http://radioshalkar.kaztrk.kz/online_radio/cam/) көрсетіле бастады»,- деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы.

2013 жылдың 15 ақпанында сағат 11.20-да эфирге шыққан «Депутат сағаты» хабарының бүгінгі қонағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова болды. Бағдарламаның бүгінгі тарихи санын журналист Гүлнұр Омарханқызы жүргізді. Депутат көрермен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, өзінің сүйікті ақындарының өлеңінен үзінді оқыды.

Айта кетерлігі, заманауи техниканың қарыштап дамуы радионың тыңдарманы ғана емес, көрермені де болатынын көрсетіп отыр.  Тыңдарманды радио жүргізушілерінің тікелей эфирдегі өзін-өзі ұстауы, қимыл-әрекеті мен көңіл-күйі, жалпы радионың ішкі көрінісі қандай болады екен деген ой жиі мазалайтыны анық. Бірақ радионың ішкі әлемі үнемі жұмбақ күйінде қалатын. «Шалқар» радиосына орнатылған веб-камералар  осы олқылықтың орнын толтырып, телеарнамен үзеңгі түйістіруге мүмкіндік берді. 

Шалқар радиосы 1966 жылы 1 қаңтардан бастап әуе толқынына шықты. Алғашында ақпаратты-сазды болып ашылған бұл арна кейіннен әр түрлі жанрлармен (қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптары, әдеби-музыка шығармаларды насихаттау, тағы басқа) өз бағдарламасын кеңейтті. Бірте-бірте «Шалқар» радиосы республика көлемінде ғана емес, шет елдерге де хабар тарата бастады.

«Шалқар»  радиосының басты мақсаты қазақ халқының ұлттық-рухани құндылықтарын жан-жақты насихаттау. «Шалқар» радиосын онлайн режимде көруге шақырамыз.

http://radioshalkar.kaztrk.kz/online_radio/cam/

 

 Басты сөздер: БАҚ , Мәдениет , Телевидение
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Павлодарға Алтын адам келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ұлттық мұражайдың қызметкері Павлодарға Алтын адамды әкеледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Пікір қалдыру

Мамешова Саят 07.04.2016
Мен шалкар радиосынын туракты тындарманымын. Сиздердин жумыстарынызга саттилик тилеймин.
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Қарағанды облысында көмірді өңдеу жобасы белсенді кезеңге шықты
Е.Ларионова Токио олимпиадасына дайындалатын болады - жеке бапкер
Павлодар полицейлері тұрмысы төмен отбасыларының 100 баласын мектепке әзірледі
Түріктің Диярбакыр әуежайы зымырандық нысанаға ұшырады
Жексенбі күні Қазақстанның солтүстік аймақтарында өткінші жаңбыр жауады
Көкшетауда 280 орындық балабақша ашылды
Әділбек Ниязымбетов шаңырақ көтермек
Құралай Нұрқаділованың мүлкі сатуға шығарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазкоммерцбанк» АҚ-ға қарызданған танымал қазақстандық сәнгер Құралай Нұрқаділованың мүлкі сатылымға шығарылды.

Пікір білдірілген мақалалар