қазақша qazaq русский english قازاقشا 中文
Халықаралық ақпараттық агенттiгі
28.07.2014  
Қазіргі ауа райы:
Астана 23°C
Алматы 24°C
Теңгенің бүгінгі бағамы:
USD 183.52 RUB 5.23
EUR 246.72 CNY 29.64
19 Қаңтар 2013, 02:41
24 қаңтардан бастап «Қазақстан» ұлттық арнасында «Әке серті» атты жаңа сериалдың көрсетілімі басталады
1/3
 АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - 24 қаңтардан бастап «Қазақстан» ұлттық арнасында «Әке серті» атты жаңа сериалдың көрсетілімі басталады. Бұл туралы ұлттық арнаның баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазақстан» РТРК АҚ-ның тапсырысымен, «3 TA Pictures» компаниясы  «Әке серті» деп аталатын телехикая түсірді. Бұл жоба қазақ-түрік мамандарының бірлесіп жасаған алғашқы көркем туындысы болып отыр.  Жобаның  мақсаты - бір жылда жүздеген телехикая түсіріп, біршама жетістіктерге жеткен түрік мамандарымен бірлесе жұмыс жасау  арқылы отандық телеөндіріске жаңаша бір леп қосу. Рөлдерді қазақ  актерлері Сағат Жылгелдиев, Гүлшарат Жұбаева, Мақсат Сәбитов, Гүлшат Тутова, Әсет Иманғалиев, Қадірбек Демесін, Болат Әбділманов т.б.  сомдайды. Түрік мамандарының, дәлірек айтқанда, режиссер Вежихи Енер, сценарий авторы Нуреттин Өзел, бейнеинженер Бурак Каплан, операторлар Шахин Карашахин, Девкан Фындыктың жұмысына көрермен өз бағасын бере жатар .

Актерларды тандау барысында қатып қалған қағидалар болған жоқ. Оларды тек кәсіби шеберлігіне қарап іріктеп алды. 

«Әке серті» телехикаясы өзге телетуындылардан сюжет желісінің өміршендігі  және көкейкестілігімен ерекшеленеді. Әке мен балалар арасындағы байланыс, жақсы мен жаман, ақ пен қара, қуаныш пен қайғы арасындағы жік пен көзге көрінбес байланыс - мәңгілік тақырып. Телехикаяға Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әні тандап алынды. Әнді жаңаша бағытта өндеп, әрлеген Нұрлан Қаражігітов. Ал «Әке туралы жыр» әнін орындаған С. Қаражігітова.

 

 

 


Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз
Нравится
Сондай-ақ... оқыңыз
Тарихи-діни жәдігер сексен жылдан кейін Шыңғырлауға оралды – БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат – 1930 жылдары Шыңғырлау ауданы орталығында мұсылмандар мешіті жабылып, оның төбесіне орнатылған темірден соғылған ай белгісі күл-қоқысқа тасталады.
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Пікір білдірілген мақалалар




© 2014 «ҚазАқпарат»
Яндекс.Метрика
Система Orphus
«ҚазАқпарат» ХАА материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.