қазақша qazaq русский english قازاقشا 中文
Халықаралық ақпараттық агенттiгі
28.11.2014  
Қазіргі ауа райы:
Астана -18°C
Алматы -4°C
Теңгенің бүгінгі бағамы:
USD 180.87 RUB 3.88
EUR 225.49 CNY 29.47
17 Қаңтар 2013, 13:40
«Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Әке серті» атты жаңа сериалдың көрсетілімі басталады
1/3
  АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат -  24 қаңтарда  «Қазақстан» ұлттық  телеарнасында «Әке серті» атты жаңа сериалдың көрсетілімі басталады, деп хабарлайды арнаның баспасөз қызметі.

«Қазақстан» РТРК АҚ-ның тапсырысымен, «3 TA Pictures» компаниясы  «Әке серті» деп аталатын телехикая түсірді. Бұл жоба қазақ-түрік мамандарының бірлесіп жасаған алғашқы көркем туындысы болып отыр.  Жобаның  мақсаты - бір жылда жүздеген телехикая түсіріп, біршама жетістіктерге жеткен түрік мамандарымен бірлесе жұмыс жасау  арқылы отандық телеөндіріске жаңаша бір леп қосу. Рөлдерді қазақ  актерлері Сағат Жылгелдиев, Гүлшарат Жұбаева, Мақсат Сәбитов, Гүлшат Тутова, Әсет Иманғалиев, Қадірбек Демесін, Болат Әбділманов т.б.  сомдайды. Түрік мамандары, дәлірек айтқанда, режиссер Вежихи Енер, сценарий авторы Нуреттин Өзел, бейнеинженер Бурак Каплан, операторлардың Шахин Карашахин, Девкан Фындык жұмысына көрермен өз бағасын бере жатар.

Актерларды тандау барысында қатып қалған қағидалар болған жоқ. Оларды тек кәсіби шеберлігіне қарап іріктелді. 

«Әке серті» телехикаясы өзге телетуындылардан сюжет желісінің өміршеңдігі  және көкейкестілігімен ерекшеленеді. Әке мен балалар арасындағы байланыс, жақсы мен жаман, ақ пен қара, қуаныш пен қайғы арасындағы жік пен көзге көрінбес байланыс - мәңгілік тақырып. Телехикаяға Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әні тандап алынды. Әнді жаңаша бағытта өндеп, әрлеген Нұрлан Қаражігітов. Ал «Әке туралы жыр» әнін орындаған С. Қаражігітова.

 Басты сөздер: Телевидение

Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз
Нравится
Сондай-ақ... оқыңыз
Қанат Сахариянов КТК телеарнасының бас директоры болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Арман Шораевтың  басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қанат Сахариянов «Коммерциялық телеарна» АҚ бас директоры болып тағайындалды.
Пікір қалдыру
Қыдырәлі 02.02.2013
Әке серті фильмі түсініксіз жасы 40 тан асқан ер азамат анаңды әкеңді жарыңды өлтірдің дегенге ұл қыздарын тастап үй сыртында қашып жүру түріктерде болмаса бізде ондай қазақта жігерсіз таныту мүмкін емес.Қазақстан телеарнасы рейтингіңізді түсіріп алмаңыз.
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары


Пікір білдірілген мақалалар




© 2014 «ҚазАқпарат»
Яндекс.Метрика
Система Orphus
«ҚазАқпарат» ХАА материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.