10 Қыркүйек 2012, 12:28

«Біз әлемнің балаларымыз!» балалар шығармашылығының республикалық байқауы мәреге жетті

АЛМАТЫ. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат -   Алматыда «Біз әлемнің балаларымыз!» атты балалар шығармашылығының V республикалық экологиялық байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқауды ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «EcoIDEA» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Оған  Қазақстанның түкпір-түкпірінен 5-18 жас аралығындағы 2600-ден астам бала қатысты. Байқау шеңберінде экология тақырыбына арналған суреттер, әңгімелер, өлеңдер және  комикстер қабылданды. Қатысушылар жас ерекшілеріне қарай үш топқа бөлінді.

«Өркениет дамыған сайын экология мәселелерінің маңыздылығы арта түседі. Балалар мен кішкентай бүлдіршіндерге осы проблеманың себептерін түсіндіріп, табиғатты сүйіп, аялауға баулу оңай емес. Бұл ретте тек сабақтар мен дәрістерді өткізу жеткіліксіз. Ал шығармашылық тұрғыдан әрекет етуді біздің кішкентай достарымыз бен ата-аналар жақсы қабылдайды», - дейді байқаудың серіктесі болған  «КаР-Тел» ЖШС-нің PR-менеджері Анар Жұмағұлова.

Оның айтуынша, байқауға 3 500 жұмыс жіберіліп, 105 туындының авторы жеңімпаз болып анықталды. Онда «Болашақтың жарқын әлемі» аталымы бойынша  бірінші орынға ие болған Сымбат Әжімбековаға (Астана), Таисия Шляховаға (Теміртау), Яна Дерябинаға (Семей) мен алматылық  Игорь Хан мен Наурайым Еспаеваға ұялы телефондар сыйға беріледі.

 Басты сөздер: Алматы , Өнер , Қоғам , Мәдениет
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Алакөлде ерекше күтімді қажет ететін жандарға арналған алғашқы пансионат ашылды (ФОТО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Алакөл ауданындағы Алакөл көлінің жағасында Қазақстанда тұңғыш рет ерекше күтімді қажет ететін жандарға арнап салынған «Асар» пансионатының ресми ашылу рәсімі өтті. Өткен жылы «Startup «Bolashak» стартап-жобалар байқауында екінші орын алған Елдос Баялышбаев өзінің бизнес-идеясын іске асыру үшін 8 миллион теңге көлемінде қаржылай жүлде алған.

Пікір қалдыру

Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Боливияда динозаврдың алып ізі табылды
Рио олимпиадасының үміті: Моңғолдан қалап алған қыз қанша жерге барады?
Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы 350-ге жетті
Оралда пара алған қос полиция қызметкерінің әрқайсысына 3,5 млн. теңгеден айыппұл салынды
Қанат Ислам: «Айтжанов өз саласының жілігін шағып, майын ішкен маман»
Осы аптада сатылған iPhone саны 1 млрд-қа жетеді
Алакөлге қатынайтын пойыз іске қосылды
5 мың теңге пара алғаны үшін қызметімен қош айтысып, 250 мың теңге айыппұл төлейтін болды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен «Орал қалалық ветеринария инспекциясы» ММ басшысының міндетін атқарушы С.Самарханов 5 мың теңге пара алғаны үшін мемлекеттік ұйымдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге 250 мың теңге айыппұл салынды.

Пікір білдірілген мақалалар