23.05.2012  
ауа райы: Астана +14°C
КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
23 мамыр күні ҚР-ның бірқатар облыстарындағы тұрақсыз ауа райынан найзағайлы және желді жаңбыр болады Алматыда қоғамдық көліктегі жолақы бағасы қымбаттайды Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлардың 85 пайызы оны ТМД-дағы ең тартымды ел деп есептейді Ресей Жинақбанкінің басшысы ҚР Президентіне «барлық рынокқа қатысушыларға тең бәсекелестік жағдайды қолдағаны үшін» алғыс айтты V Астаналық экономикалық форумда Эдвард Прескотт байлыққа жетудің тетігін атады «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Алматы-Петропавл» жаңа жүрдек пойызын іске қосады Қаржы полициясы Ана мен бала орталығының бұрынғы атқарушы директорына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады ШҰҒЫЛ: 2012-2013 жылдарға пойыздар қозғалысының жаңа кестесі енгізіледі

 
23 Ақпан 2012, 08:01
БҚО әкімі Н.Ноғаев тұрғындармен есептік кездесуін өткізеді
ОРАЛ. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру туралы» 2005 жылдың 6 сәуірдегі Жарлығын іске асыру мақсатында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев 2012 жылдың 3 наурызында жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесуін өткізеді.

Облыс әкімі аппаратынан түскен мәліметке қарағанда, кездесу «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы ғимаратының үлкен залында болмақ.

Осыған байланысты облыс әкімі Н.Ноғаевтың кездесуде жасайтын баяндамасының желісі облыс әкімінің сайтында және «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінде жарияланатын болады.

Облыс тұрғындары облыс әкімінің есебі бойынша өздерінің ұсыныстарын, ескертпелері мен үнқосуларын Орал қаласы мен аудандарда орнатылған арнайы жәшіктерге сала алады. Ұсыныстарды е-mail zkue@nursat.kz электронды пошта, веб-сайт www.westkaz.kz арқылы және облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің редакцияларына жолдауға болады.



Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 

Пікір білдірілген мақалалар





© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.