03 Маусым 2011, 16:48

«Шығыс шынары» атты халықаралық мүшайра өтеді

АЛМАТЫ. 3 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігі Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп, 20-25 тамыз аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Шығыс шынары» атты халықаралық мүшайра өткізеді.

Байқауға Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Түркия, Ресей және Қырғыз елдерінің ақындары да қатысады деп күтілуде.

Аталған шараның мақсаты - Қазақстанның «жауһары» атанған жер жәннаты, өндірістің ордасы болған Шығыс Қазақстан облысын, оның басты қаласы Өскеменді дәріптеу, облыстың Тәуелсіздіктің 20 жылында жеткен жетістіктерін мадақтау, жыр жолдары арқылы жұртшылыққа паш ету.

 Мүшәйра Тәуелсіздіктің тірегі - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, «Шығыс шынары» немесе «Өлең сөздің патшасы» және еркін тақырып бойынша өткізіледі.

Сондай-ақ ақындардың жыр додасы барысында қазақтың белгілі поэзия майталмандарымен кездесулер, пікірталастар, дөңгелек үстел, сұхбаттар ұйымдастырылады.

Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Пікір қалдыру

Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Қазақстанда Конституция күнін атап өтуде
Қазақстаннан гуманитарлық көмек Бішкекке келіп жетті
Қостанайда ауыл тұрғындары 523 млн. теңге шағын несиелер алды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында биылғы жылы 523 млн. теңгеге 239 шағын несие берілді.

Пікір білдірілген мақалалар