қазақша qazaq русский english قازاقشا 中文
Халықаралық ақпараттық агенттiгі
25.10.2014  
Қазіргі ауа райы:
Астана -4°C
Алматы +14°C
Теңгенің бүгінгі бағамы:
USD 180.87 RUB 4.35
EUR 228.98 CNY 29.56
27 Сәуір 2011, 16:38
Қазақстан мен Түркия халықаралық саясатта өздерін өте беделді мемлекет екендіктерін дәлелдеп келеді
 АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан мен Түркия халықаралық саясатта өздерін өте беделді мемлекет екендіктерін дәлелдеп келеді. Бүгін елордада ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Мехмет Әли Шахинмен кездесуі барысында осылай деді.

Өз сөзінде түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүрікПА) ІІ жалпы отырысына қатысуға шақыртуды қабыл алған түркиялық делегаттарға алғысын білдірген ол: «Екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды даму үстінде екендігін өте жақсы білеміз. Біздердің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасымыз, саяси  ынтымақтастығымыз ойдағыдай дамып келе жатыр», - дей келіп, оның қорытындысы 2009 жылғы Елбасы Н.Назарбаевтың Түркияға ресми сапары барысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі келісімшартқа қол қойылуы екендігін баса айтты.

Мәжіліс төрағасының пайымынша, бауырлас екі елдің халықаралық деңгейде ұқсас не бір көзқарас танытуы көп нәрсеге байланысты. Сонымен қатар екі мемлекет те өздерінің халықарылық саясатта өте беделді ойыншы екендіктерін дәлелдеп келеді. Соның дәлелі өткен жылы Қазақстан Азиядағы өзара іс -қимыл және сенім шаралары кеңесінің  төрағалығын Түркияға тапсырып, өзі Шанхай ынтымақтастық ұйымына төраға болып отыр. Сондай-ақ өткен жылы Қазақстан түркі тілдес елдердің, мұсылман  елдерінің арасында бірінші болып Еуропадағы беделді ұйым ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті және сол ұйымның Ыстамбұлдан кейін 11 жыл бойы өтпеген Саммитін Астанада өткізді.  

«Алдағы бір-екі айдың ішінде Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына төрағалығын жоспарлап отыр. Осының барлығы біздің халықаралық саясатта қандай орын алатындығымыздың айғағы болмақ», - деді О.Мұхамеджанов.

Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз
Нравится
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары


Пікір білдірілген мақалалар




© 2014 «ҚазАқпарат»
Яндекс.Метрика
Система Orphus
«ҚазАқпарат» ХАА материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.