КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.24.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
10 Қыркүйек 2010, 19:59
Павлодар облысындағы жағдай тұрақтанды - ҚР ТЖМ
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Осыған дейін хабарланғандай, қыркүйектің 8-інде Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы «Ертіс - орманы» мемлекеттік мекемесінің Шалдай бөлімшесінде орман өрті орын алды.

Өртпен күреске барлық салалық құрылымдардың адам күштері мен құралдары - ТЖМ өрт сөндірушілері мен құтқарушылары, Қорғаныс министрлігінің, АШМ Орман шаруашылығы комитетінің, ІІМ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, әкімдік пен ерікті өрт құрылымдарының қызметкерлері белсене атсалысты.

Тыңғылықты атқарған шаралар барысында, ҚР ТЖМ мен өзге де көмекке тартылған қызметтердің өкілдерінің тиімді шаралары мен ерік-жігерінің арқасында орман алқаптарындағы өрт ауыздықталды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Павлодар облысында  құрылған арнайы комиссия Жабағылы мен Бәйімбет кенттеріндегі әрбір үйге барып, шығын көлемін есептеді. Көрші аудандардан қажетті шөп мөлшері жеткізіле бастайды, өртте шығын болған үй жануарлары үшін өтемақы төленеді.

Абырой болғанда, тұрғындардың үйлері мен мүлкі зардап шеккен жоқ, дегенмен бастарынан өткерген қасіреттен кейін оларға психологиялық қолдау қажет. Ол көмекті ҚР ТЖМ «Апаттардың медицина орталығы» ММ көрсетеді.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.