КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.16.2012  
Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды БҚО-да бірнеше бағыттар бойынша жолдарға шектеу қойылды ?????: ???? ????????? 6 ??????? ??????? ????????? ??? ?????????? - ??? ??????????? Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы

 
10 Қыркүйек 2010, 18:47
Өзге ұлт өкілдерінің шамамен төрт мыңдай оқушысы қазақ тілді білім беру мектептерінде оқиды - Жамбыл облысы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Өзге ұлт өкілдерінің шамамен төрт мыңдай оқушысы қазақ тілді білім беру мектептерінде оқиды. Мұндай ақпарат 2011-2020 жылдарға мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған бағдарлама жобасын талқылауға арналып, Жамбыл облыстық әкімдігінде ұйымдастырылған жастар ұйымдары кеңесінің кезекті отырысында белгілі болды.    

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Қырғызәлі Тілеуовтың айтуынша, жамбылдық балалар мемлекеттік тілді оқып қана қоймай, оны жете біледі. «Осы сөзімізге дәлел ретінде, түрлі республикалық байқауларды айтуға болады, оларға қатысқан жамбылдық балалар әр кез жүлделі орындардан көрінуде», - деп атап өтті Қ.Тілеуов.

Ол тілге тиек еткендей, биылғы жылы 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған бағдарлама өз мәресіне жетті, оның нақты нәтижелері де бар. Оны жүзеге асыру шеңберінде облыстық әкімдік тарапынан ауқымды шаралар жүзеге асырылды, осының арқасында түрлі деңгейлердегі әкімдіктердегі құжат айналымы 98 пайыз қазақ тілінде жүргізіледі. Сондай-ақ, Тараз қаласында Қазақ тілін үйрету орталығы да ашылды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.