КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.48.2012  
Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды БҚО-да бірнеше бағыттар бойынша жолдарға шектеу қойылды ?????: ???? ????????? 6 ??????? ??????? ????????? ??? ?????????? - ??? ??????????? Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы

 
10 Қыркүйек 2010, 17:49
Еуразия ұлттық университеті әлемнің 500 үздік университетінің қатарына енді - QS World University Rankings® рейтингісі
         АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - QS World University Rankings® рейтинг агенттігінің биылғы қорытындысы бойынша, еліміздің іргелі жоғары оқу орны - Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлемнің 500 жетекші университетінің қатарына қосылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.      

Өткен жылы бұл көрсеткіш 600 университеттің аясында болса, биыл Қазақстанның Еуразия ұлттық университеті әлемнің 17 мың жоғары оқу орындарының ішінен 501-ші орыннан 451-ші орынға көтерілді. Орталық Еуропа және Қазақстан бойынша аталған үздіктер тобында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Экономиканың жоғары мектебі университеті, Венгрияның Жегет университеті және тағы басқа бірқатар  оқу орындары бар.

Әлемнің үздік университеттерінің QS World University Rankings® рейтингісі жоғары оқу орындарын бағалау барысында университеттің зерттеу қызметі, жұмыс берушілердің пікірлері, білім беру үдерісі мен осы саладағы жаңалықтарды тиімді пайдалана білу деңгейі ескеріледі. Сондай-ақ рейтингті әзірлеу кезінде ғылым саласындағы халықаралық зерттеулерге және әлемнің ең ірі ғылыми мақалалар базасы болып табылатын Скопус бойынша университет ғалымдары жазған еңбектерге сілтеме жасау индексіне баса назар аударылады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты ел халқына арнаған Жолдауында отандық білім саласын дамыту қажеттігіне ерекше тоқталып: «Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университеттерінің рейтингісіне енуге ұмтылулары керек», - деп атап өткен болатын.  


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.