КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.33.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
10 Қыркүйек 2010, 17:12
Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансысына «Прогресс М-07М» жүк кемесі аттанды
БАЙҚОҢЫР. Қыркүйектің 10-ы.  ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ -   Бүгін  жергілікті уақыт бойынша    сағат 16.22-де «Байқоңыр» ғарыш  айлағының  №31 алаңынан   «Прогресс М-07М»   жүк кемесі  орнатылған  «Союз-У»   зымыраны Халықаралық ғарыш стансысына  аттанды.

Естеріңізге  сала кетейік,    қыркүйектің 8-іне    белгіленген     сапар, ғарыш айлағының аумағындағы  қатты желге   байланысты, қосалқы уақытқа, бүгінге ауыстырылған  болатын. 

«Ресейғарыш»  және  «Қазғарыш» агенттіктерінің   жедел қызметтерінің  хабарлауынша,    ұшыру штаттық режимде өтті.    Зымырантасымалдағыштың   үшінші сатысы   ажырағаннан кейін,  «Прогресс М-07М» жүк кемесі  Жердің  жасанды  серігінің  орбитасына шығарылды. 

Ұшу сапарларын басқару орталығының  баллистикалық қызметінің     нақтыланған   мәліметтері    бойынша,    «Прогресс»     Халықаралық ғарыш  стансысымен   қыркүйектің 12-сінде   мәскеу уақыты  бойынша сағат 15.58-де  түйіседі  деп жоспарлануда.

«Прогресс М-07М»  жүк кемесі   орбитаға    2,5  тоннадан  астам жүк,    атап  айтқанда,  отын, оттегі,  су  қорларын,  ғарышкерлердің Жердегі  туған-туыстарының сәлем-сауқаттарын,     стансаның американдық сегментіне  және ашық  ғарышта жұмыс істеуге  арналған  жабдықтарды,    сондай-ақ    азық-түліктерді,   медициналық жабдықтарды,  киім-кешектерді,   тазалық    заттарын,   стансының  ресейлік  модульдарын    жарақтауға арналған   жабдықтарды   жеткізеді. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.