КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.12.2012  
Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды БҚО-да бірнеше бағыттар бойынша жолдарға шектеу қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы

 
10 Қыркүйек 2010, 14:33
Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылдануы керек - Е. Иманқұлов
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылдануы керек. Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Экономикалық және өңірлік даму комитетінде еліміздегі квазимемлекеттік сектор өкілдерімен кездесу барысында сенатор Еділбай Иманқұлов осындай ұсыныс жасады.

Жүздесу барысында сөз алған сенатор Еділбай Иманқұлов шетелдік тәжірибелердегі даму институттары мен бизнес-ортаның жемісті  атқарып отырған жұмысына жиылғандардың назарын аударды. Бұл ретте депутат Германия еліндегі кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаудың жасалу жайын мысалға келтірді.

«Жалпы, Мемлекет басшысы алдағы онжылдық ішінде шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесін 40 пайызға дейін арттыру туралы алдымызға зор міндет қойды. Бұл - экономикалық дамудың өзекті мәселесі. Ал ол үшін даму институттарының тиімділігі арта түсуі шарт. Сондықтан да,  мемлекеттік бағдарламаларды тиімді орындау үшін заңнаманы жетілдірудің, қаржылық қолдауды нығайтудың, инновацияны ендірудің маңызы зор. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны әзірлеп, қабылдау қажет», деді Е. Иманқұлов.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.