КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.40.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
10 Қыркүйек 2010, 10:44
Елбасы туралы солтүстікқазақстандықтардың пікірін топтастырған көлемді жинақ жарық көрді
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы «Асыл кітап» баспа үйі «Жасампаз» атты кітап альбомды жарыққа шығарды. Бұл жинақта солтүстікқазақстандықтар Тұңғыш Президент - Елбасы туралы өз пікірлері мен ойларын ортаға салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кітапта мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, кәсіпкерлер де Елбасының мемлекетіміз сіңірген еңбегі, солтүстік өңірге барғандағы кездесулерден алған әсерлері туралы жазған. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов, Мемлекет және қоғам қайраткерлері Бәйкен Әшімов, Мақтай Сағдиев, Кәкімбек Салықов, соғыс және еңбек ардагері Сапар Дүйсенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарасбай Сүлейменов және басқа көптеген азаматтар Тұңғыш Президенттің мемлекетті басқарудағы көреген қасиеттері, елді дамытудағы еңбегі жайлы ой толғайды.

Сонымен қатар аталған кітапта көп балалы ана да, оқушы да, әр саланың мамандары да пікір білдірген. Әр түрлі ұлттардың өкілдері де сөз алып, Қазақстандағы татулық, бірлік, келісім жайлы ойларын ортаға салған. Жалпы алғанда, Солтүстік Қазақстан облысындағы игі істер, оң өзгерістер қамтылған. Елбасының солтүстік өңіріне барғандағы кездесулерден түсірілген фотосуреттер де берілген.

Бүгінгі таңда бүкіл әлем Қазақ елінің басшысы Н.Ә.Назарбаевты жаңа мемлекет жасау жолындағы қиыншылықтарды жеңуде мұқалмас жігер, қажымас қайрат танытып, тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өткен, халқын, елін ғасырлар төріне өрлеткен ұлы тұлға деп біледі. Елбасының кемеңгерлігіне, алыс болашақты болжай алатын көрегендігіне, білімі мен біліктілігіне солтүстікқазақстандықтар да тәнті. Осы кітапқа топтастырылған материалдардың тобықтай түйіні - Тұңғыш Президенттің еліне, халқына сіңірген өлшеусіз еңбегі.

Кітап «Тұңғыш Президент - Елбасы туралы», Елбасы және Қызылжар», Бірлігі жарасқан бақытты елміз» атты үш негізгі бөлімнен тұрады.

«Шыққан биігіміз еңселі десек, алдымыздан жаңа көкжиектердің ашылуы ертеңіміздің бүгінгіден де нұрлы болатынына сендіреді. Жүріп өткен жолымыз да соған айғақ. Күні кеше ғана тәуелсіздіктің тәуекелге толы жолын таңдап, нарыққа енгенде жұртпен бірге етекте тұрсақ, бүгін, міне, еңсеміз тіктеліп, дамыған елдердің өздерімен иық теңестіре алатын деңгейге көтерілдік. Қазір біздің әлеуметтік-экономикалық өсім деңгейі жоғары қарқынмен дамып келе жатқан, мемлекеттік және қоғамдық негіздері бері қалыптасқан, нарықтық экономикаға батыл қадамдар жасаған ел екенімізді бүкіл әлем мойындап отыр»,- дейді осы кітап-альбомды құрастырған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, жазушы Жарасбай Сүлейменов.

Солтүстікқазақстандықтардың пікірі: «Елбасының сан қырлы қызметінің халқымыздың сана-сезімінде сілкініс туғызғанын, ұлттың рухын жаңа сапалық деңгейге көтергенін айту - зор ғанибет. Президенттің ел игілігі, халық бақыты жолында бүгін тындырып жатқан істері бір ғасырдың шеңберіне сыймайды, ол қазақ елімен бірге мәңгі жасай береді. Біз оны мақтаныш етеміз» деген оймен түйінделген.

13 баспа табақтан тұратын көлемді бұл жинақ екі мың таралыммен шығып отыр.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.