|
|
EUR 195.52 USD 148.72 RUB 4.92 CNY 23.60
|
|||
|
Халықаралық көрмелер бюросына Қазақстанның «АСТАНА-2017» өтінімі топтамасы тапсырылды •Атмосфералық ағындардың әсерінен қар жауып, жел күшейіп, аяздар сақталады - Қазақстандағы 4 ақпанға арналған ауа райы •Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды •Діндер съезіне әлемнің 45 елінен 70-тен астам делегацияның келуі күтілуде •Ұлттық компанияларда біраз қысқартулар болады - Ө. Шөкеев •Еуропада 160-тан астам адам үсіп өлді •25 қазанға дейін қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің қызметі сот шешімімен тоқтатылады - Дін істері агенттігі • «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының орталық аппараты 26 пайызға қысқарады •Қарағанды облысында Топар - Жезқазған жол учаскесінде көлік қатынасы шектелді •«Шахтинская» шахтасында орын алған апаттың салдарынан жұмыс тоқтатылды, қаза болғандар жоқ •Қазақстанда тұңғыш рет жылтыр қармақпен қысқы балық аулаудан Әлем чемпионаты өтеді •Ағымдағы жылы үлескерлік құрылыстың 26 нысаны пайдаланауға беріледі - Серік Нокин •Атырауда түнде қаладан шығатын барлық жолдар жабылды •
|
|
09.09.2010 / 11:35 Ақын, сазгер Әкім Ысқақтың 50 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталағында 2010 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 15.00-де Әкім Ысқақтың 50 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтеді. Әкім Ысқақ - Бірінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты, тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы, «Жыл адамы-1997» атағының иегері, ақын, сазгер. Әкім Ысқақ - Қазақстан парламентаризмінде тұңғыш қазақ тілінде «Халықтың көші-қоны туралы» заңын жазған депутат ретінде тарихта аты қалған азамат. Осы заңның негізінде елімізде Көші-қон және демография жөніндегі Агенттік, облыстарда көші-қон басқармалары құрылды. Отанға оралу да, жәрдемақы да, баспана алу да осы заңмен іске асып келеді. Бүгінде алыс және жақын шетелдерден 1 миллионнан аса қандастарымыз оралды. Ә.Ысқақ Қытайдан, Моңғолиядан, Өзбекстаннан келген жүздеген оралмандардың азаматтық, пәтер, білім алуына, жұмысқа орналасуына және т.б. жұмыстарына тікелей қамқор болды. Ә.Ысқақ ақын, жазушы, журналист, сазгер, сатирик ретінде республика жұртшылығына кеңінен танымал. Ол Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 1989 жылы Самарқандта өткен Орта Азия және Қазақстан жастары өнер және поэзия фестивалінің лауреаты, республикалық «Жігер» фестивалінің дипломанты (1985 ж), С.Ерубаев атындағы жастар сыйлығының лауреаты (1993 ж.). «Лениншіл жаста» жарияланған «Ерте есейген қыз», «Темір табыт», «Генерал Сабыр Рақымов», «Асқаровтың кадры», «Атамекен, елім бармысың?» атты өткір материалдары үшін Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты атанды. (1992ж.) Философиялық тәлім-тәрбиеге негізделген «Жүректегі жазулар», «Адам іздеп жүрмін» атты эссе кітаптары жасөспірімдер мен жастардың сүйікті кітабына айналып, бірқатар университеттер мен мектептерде пән есебінде оқытылуда. Әкім Ысқақ Ордабасы ауданы негізсіз таратылып бара жатқанда да депутаттық өкілеттігін пайдаланып ауданды, Ордабасы атауын сақтап қалды. «Ордабасы ауданының құрметті азаматы», «Тіл жанашыры-2009» құрмет белгісімен және Президенттің «Алғыс хатымен», Монғолияның «Шыңғысхан» медалімен марапатталған. Қазакстан комсомолы ХVII съезінің делегаты, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің бюро мүшесі болып сайланды. Ол өзі білім алған Абай атындағы орта мектепке қамқорлық жасап, оқушыларға жыл сайын өз атындағы степендияны беріп келеді. Мектепте бір сынып Ә.Ысқақ есімімен аталады. Бүгінгі кеште белгілі өнер шеберлері: Байғали Момбеков, Жұбаныш Жексенұлы, Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Әйгерім Қалаубаева және т.б. өнер көрсетеді. Аталған іс-шараларды тамашалауға қоғам қайраткерлері мен елордалық ақын-жазушылар сондай-ақ телевизия және ақпарат құралдары өкілдері шақырылып отыр.
|
|||||||||||||||||||||
|
Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ,
www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады. 010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz |
|
|||