Владимир Путин Қазақстанның әрекеттері өзгелерге үлгі боларлықтай. Қазіргі таңда бұл мемлекет бизнесті дамыту жағынан Бүкіләлемдік банк өлшемі бойынша 47-ші орында тұр. Ал Ресей әлі 120-шы орында – РФ Үкіметінің басшысы Владимир Путин
04 | ақпан | 2012   Сенбі  
EUR 195.52     USD 148.72     RUB 4.92     CNY 23.60
АСТАНА    күндіз -26..-28   түнде -35..-37
Халықаралық көрмелер бюросына Қазақстанның «АСТАНА-2017» өтінімі топтамасы тапсырылды Атмосфералық ағындардың әсерінен қар жауып, жел күшейіп, аяздар сақталады - Қазақстандағы 4 ақпанға арналған ауа райы Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды Діндер съезіне әлемнің 45 елінен 70-тен астам делегацияның келуі күтілуде Ұлттық компанияларда біраз қысқартулар болады - Ө. Шөкеев Еуропада 160-тан астам адам үсіп өлді 25 қазанға дейін қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің қызметі сот шешімімен тоқтатылады - Дін істері агенттігі «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының орталық аппараты 26 пайызға қысқарады Қарағанды облысында Топар - Жезқазған жол учаскесінде көлік қатынасы шектелді «Шахтинская» шахтасында орын алған апаттың салдарынан жұмыс тоқтатылды, қаза болғандар жоқ Қазақстанда тұңғыш рет жылтыр қармақпен қысқы балық аулаудан Әлем чемпионаты өтеді Ағымдағы жылы үлескерлік құрылыстың 26 нысаны пайдаланауға беріледі - Серік Нокин Атырауда түнде қаладан шығатын барлық жолдар жабылды
09.09.2010 / 09:44
Кеше Павлодар облысының орманшылықтарында болған ірі өрттер 5 адамның өмірін қиып кетті - ТЖМ
МЧС РК  АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Кеше Павлодар облысындағы бірнеше орман шаруашылығында бірінен соң бірі ірі өрттер орын алды. Салдарынан бес адам қаза тауып, тағы біреуі зардап шекті. Өрт ошағына жақын орналасқан ауылдардан 200 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко барды.

ТЖМ-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қыркүйектің 8-і күні 11 сағат 25 минутта Шарбақты ауданы, «Ертіс-орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесінің Шалдай филиалына қарасты Первомайский орманшылығында өрт болды. Аумағы 1 мың гектарды құраған жалын Ресей Федерациясының аумағына өткен. Нәтижесінде Байымбет ауылының 25 тұрғыны Шоқтал ауылына көшірілді. Төтенше жағдайды жоюмен Павлодар облысы бойынша ТЖД-ның 71 адамы мен 16 техникасы, сондай-ақ Первомайский орманшылығының 68 адамы мен 25 техникасы және жергілікті 120 тұрғын айналысты.

Бұдан кейін, түскі сағат 15.25-те «Ертіс -орманының» Бесқарағай филиалындағы Көкжал орманшылығында өрттің екінші ошағы анықталды. Оның аумағы 2 мың га құрады. Жабағалы ауданынан Шығыс Қазақстан облысының Беген ауылына 174 адам көшірілді. Тілсіз жау салдарынан 19, 33 және 51 жастағы азаматтар оқиға орнында көз жұмды. 46 және 59 жастағы ерлер өртпен күресу барысында ажал құшты. 56 жастағы тағы бір азаматша күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. ТЖ-ды жоюмен ТЖМ-ның 28 адамы мен 7 техникасы, ҚР Ішкі істер министрлігінің 36 адамы мен 12 техникасы және жергілікті 50 адам айналысуда.

Кешқұрым, сағат 17.30-да осы Бесқарағай филиалына қарасты Майқарағай орманшылығында өрттің үшінші ошағы шықты. Ол жергілікті халықтың күшімен 17 сағат 50 минутта ауыздықталды.

Аймақаралық сипаттағы орманды-далалы өрттерді жою жоспарына сәйкес, отпен күресуге жақын маңда орналасқан өңірлерден ҚР ТЖМ-ның құрылымдары, авиациясы («Қазавиаспастың» 2 тікұшағы) мен Ресей Федерациясының авиациялық тобы сондай-ақ, «Қазақстан темір жолының» үш өрт пойызы (43 адам) мен 2 техникасы; ҚР ІІМ-нің 293 адамы (соның ішінде 190 әскери қызметкерлер) мен 8 техникасы; ҚР Қорғаныс министрлігінің 157 адамы мен 9 техникасы және 2 тікұшағы аттандырылды. 

Өрт орнына ҚР ТЖМ басшысы Владимир Божко, ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Б.Омаров және Ауыл шарушалығы министрлігі Орман шаруашылығы комитетінің төрағасы Е.Нышанбаев барды.

Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ, www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.
010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz