КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.07.2012  
Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды БҚО-да бірнеше бағыттар бойынша жолдарға шектеу қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы

 
07 Қыркүйек 2010, 17:48
Қырғызстанда сайлауалды науқаны тоқтатылуы мүмкін - Роза Отынбаева
АСТАНА.  Қыркүйектің  7-сі.  ҚазАқпарат  -  Қырғызстан  Президенті Роза Отынбаева   парламенттік сайлауға   қатысушы   саяси  күштерге   ескерту жасап, егер  олар  елдегі   жағдайды тұрақсыздандыратын болса,      сайлауалды  науқанның тоқтатылатынын мәлім етті.    Бұл туралы «РИА «Новости» агенттігі   хабарлады. 

Партиялық    жүйе  бойынша    парламенттік  сайлау   қазанның 10-ына   белгіленген.    Парламенттік  сайлауға қатысатын  кандидаттардың  тізімін      Әділет  министрлігі тіркеген  140-тан  астам саяси бірлестіктің атынан  29  партия беріп  отыр.

Парламенттік сайлау     сәуір айында  Құрманбек Бакиев тағынан  тайдырылғаннан кейін  қалыптасқан   билік институттарын   заңдастыруға  жасалған   кезекті  қадам  болмақ.     Қырғызстанда жаңа биліктің  қалыптасу  үдерісі  оқтын-оқтын орын  алған  азаматтық тәртіпсіздіктермен    қатар жүріп жатыр. 

«Егер,   қандай да  бір партия  халықты     қорқытумен айналысатын  болса,    ол  фактілер бойынша заңға сәйкес қатаң  шаралар  қабылдауға мен  уәде беремін.  Мен төтенше жағдай енгізіп,  сайлауды  тоқтата алатынымды  түсінулеріңіз керек.  Мемлекеттің  тұтастығы  мен   халықтың  бірлігі - депутаттық мандаттан  маңыздырақ»,  - деп мәлім етті    қырғыз   мемлекетінің  басшысы сейсенбі күні      парламенттік сайлауға  арналған  «дөңгелек үстел» отырысында.

Елдің жаңа Конституциясына сәйкес, заңды парламенті сайланғаннан кейін  ғана  Қырғызстан   парламенттік  республика атанады.   Ел президенті   тек өкілдік    қызмет атқаратын  болады да,   республиканы  басқару  жөніндегі    іс жүзіндегі  өкілеттік  парламенттік көпшілік   тағайындайтын  премьер-министрге  ауысады. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.