КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.14.2012  
Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды БҚО-да бірнеше бағыттар бойынша жолдарға шектеу қойылды ?????: ???? ????????? 6 ??????? ??????? ????????? ??? ?????????? - ??? ??????????? Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы

 
07 Қыркүйек 2010, 15:11
Өскемендегі бүгінгі форумның нақты нәтижелер беретіндігіне сенімдімін - Ресей Президенті Д.Медведев
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Біз түрлі идеяларды, тіпті ұзақ жылдар бойы қаралмай жатып қалған идеяларды талқылауға әзірміз», - деп мәлім етті Ресей басшысы Дмитрий Медведев Өскемен форумының пленарлық отырысында Қазақстан Президенті жария еткен бастамаларға  қатысты  жауабында.

Ресей Президенті сондай-ақ, екі ел азаматтарының шекара арқылы жүріп-тұруын оңайлатуға жағдай жасайтын дербес бірлескен тетік жасау туралы Қазақстан Президентінің ұсынысымен келісті.

Д.Медведев, бұл мәселеде қарапайым адамдардың өзара қарым-қатынас жасауына кедергі болып отырған төрешілдіктің, қағазбастылықтың өте көп екенін атап көрсетті. Ол сондай-ақ, осы үдерістердің бәрін, оның ішінде нақты ынтымақтастық үдерісін қадағалап отыратын қандай да бір «бірлескен заманауи бақылау тетігін» құру қажеттілігі туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясын қолдады. «Біз форумнан форумға дейін жұмыс істейтін сияқтымыз. Шекара ынтымақтастығы форумдарында (бұл осымен жетінші кездесу) қол жеткізілген барлық келісімдер бақылауға алынуы және жүзеге асырылуы тиіс. Өскемендегі бүгінгі форумның нақты нәтижелер беретіндігіне сенімдімін», деп атап көрсетті Ресей Президенті.

Ал техникалық реттеудің бірлескен нормаларын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Президентінің бастамасына қатысты Д.Медведев: «біз Еуроодақ елдерінің регламенттерін тікелей қолдануға рұқсат еттік, сіздер де сөйтіңіздер», - деп тұжырымдады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.