КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.10.2012  
Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды БҚО-да бірнеше бағыттар бойынша жолдарға шектеу қойылды ?????: ???? ????????? 6 ??????? ??????? ????????? ??? ?????????? - ??? ??????????? Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы

 
07 Қыркүйек 2010, 12:45
ОҚО-да «Қазақстанның ең үздік тауары» аймақтық байқауының жеңімпаздары анықталды
ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстанның ең үздік тауары» аймақтық байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Ең үздік өнеркәсіптік бағыттағы тауар» аталымы бойынша мотор майларын шығаратын  «HILL corporation» ЖШС жеңімпаз атанды. Екінші орынды ауруханаларға арналған құрылғылар шығаратын «Қазмедприбор» ЖШС алса, үшінші орынды өзінің қуатты трансформаторларын шығаратын «Кентау трансформатор зауыты» АҚ алды.

«Халыққа арналған ең үздік тауар» аталымы бойынша «Химфарк» АҚ бірінші орынды, «Комбинат Фараб» ЖШС екінші орынды, «Төбелді» шаруа қожалығы үшінші орынды алды.

«Ең үздік азық-түлік тауары» аталымы бойынша макарон өнімдерін шығаратын «Барыс-2007» ЖШС бас жүлдені алса, «Тассай» минералды сусынын шығаратын «ЮНИКС» ЖШС екінші орынды қанағат тұтты, осы аталымдағы үшінші орын балмұздақ дайындайтын «Балмұздақ» ЖШС-іне бұйырды. Аймақтық байқаудың жеңімпаздары республикалық байқауға қатысатын болады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.