|
07 Қыркүйек 2010, 10:22 Қазақтелеком Қазақстан мен Ресейдің VIІ аймақаралық ынтымақтастық Форумының техникалық әріптесі болуда АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» АҚ-ы қыркүйектің 6-сы мен 7-сі аралығында Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің VIІ аймақаралық ынтымақтастық Форумына техникалық қолдау көрсетуде, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен. Форумға қатысушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарын мәліметтер берудің жоғары жылдамдық арнасымен қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы техникалық сипаттағы бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Негізгі іс-шаралар өткізілетін орындарда үлкен және шағын баспасөз орталықтары ұйымдастырылып, оларда қалаларалық және халықаралық байланысқа шығу мүмкіндігі бар 12 телефон, 8 фиксимильді және 2 үлкен көшіру аппараты, 10 принтер, 70 ноутбук орнатылды. Журналистер жұмыс істейтін орындарда 12 Wi-Fi нүктесі ұйымдастырылды. Кіші баспасөз орталығында 15 локальді желі нүктесі орнатылып, үлкен көлемді мәліметтерді жедел үздіксіз беретін 2 тікелей желі іске қосылды. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы форумға қатысушылар мен журналистер тұрып жатқан жерлерде тегін Wi-Fi нүктелерін ұйымдастырды. Пiкiрлер (0)
|
|