КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.40.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
06 Қыркүйек 2010, 18:24
Қазақстан Ресейді индустриялық жобаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырады
 ӨСКЕМЕН.   Қыркүйектің 6-сы.  ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Қазақстан  мен  Ресейдің арасындағы сауда-экономикалық     байланыстарды  тереңдетуде    жоғары  технологиялар  саласындағы    ынтымақтастықты дамыту, әсіресе «жасыл энергия» саласындағы бірлескен жобаларды  жүзеге асыру   мәселелері   басымдықты  бағыт  болуы керек.

Бұл туралы  бүгін  Өскеменде ашылған  Қазақстан   мен  Ресейдің аймақаралық  ынтымақтастығының   форумында        Қазақстан Республикасы   Премьер-Министрінің  орынбасары - Индустрия және  жаңа  технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Қазақстан мен Ресейдің инновациялық  саладағы  ынтымақтастығы   -   ғылыми және өндірістік  ресурстарды біріктіруге,     бірлескен  қорлар құруға   бағытталуы тиіс.  Күш-жігерлерімізді біріктіре  отырып,  біз      бірқатар  салада конструкторлық бюролар   құра  алар едік», - деп  атап  көрсеткен   вице-премьер  ресейлік тарапты   ядролық технологиялар,  биотехнология  және агротехнология  саласында  жоғары    технологиялық    жобаларды  жүзеге асыруға  шақырды.  Әсет Исекешев     Форумға  қатысушыларды сондай-ақ,    Қазақстанда  басталған  жаңа индустриялық  саясатпен  таныстырды.     Оның айтуынша,      Қазақстанда    басталған  Индустрияландыру картасына   бүгінде   40 миллиард доллардан астам соманың (7,3 триллион теңге)   237 инвестициялық  жобасы  кіреді.  Аталмыш жобаларды  жүзеге асырудың  нәтижесінде  240 мың жұмыс  орны  құрылады,  жалпы ішкі өнім шамамен   50   пайызға,   2008 жылғы 16  триллион  теңге  көрсеткіштен    2014 жылғы  25  триллион теңге көрсеткішке  дейін    өседі.     Ағымдағы жылдың  өзінде  6 миллиард  доллардан  астам  соманың  144 жобасы   пайдалануға   беріледі,   20 мың  жаңа жұмыс орны  құрылады.    Биыл  сондай-ақ,   22 миллиард доллар соманың   (3,3 триллион теңгенің) тағы 47  жобасы  қолға алынады. 

Вице-премьер    өз сөзін  қорытындылай келе,  ресейлік компанияларды   индустриялық жобаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысуға  шақырды.  «Бізде    басқарудың заманауи  технологияларына  және  өндірістеріне  ие  компаниялар  үшін   барлық   қажетті жағдай жасалған, шетелдік  инвестициялардың  қорғалуын толық қамтамасыз  ететін     либеральды   экономика,    заңнама  бар,   инвесторлардың жұмыстарына ешқандай шектеулер   жоқ»,-  деді Исекешев  өз сөзінде.  

«Біз сіздердің  қолдауларыңызға үміттіміз  және       азиялық нарықтарды, бірінші кезекте   көрші Қытай мен  Үндістан нарықтарын    игеруге  қабілетті    өнімдер  шығара  алатын   бірлескен  кәсіпорындар құру мақсатында  кез-келген инвестициялық және   бизнес-бастамаларды   қарауға дайынбыз», деді  ол.

Бұдан бұрын хабарлағандай,  Өскеменде басталған  форумның аясында  қазақстандық  жоғары оқу орындарының,   ғылыми  кәсіпорындар мен   бизнес-қауымдастықтардың   энергия үнемдеуші  технологияларды  дамыту,   металлургия саласындағы инновациялық жобалар,   ядролық және нанотехнологиялар саласындағы зерттеулер  салаларындағы ресейлік  әріптестерімен   ынтымақтастығы  туралы екіжақты келісімдерге қол қою жоспарлануда.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.