КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.30.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
06 Қыркүйек 2010, 11:05
Астанада «Ата Заңым - ардағым» атты автошеру өтті
 АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Сенбі күні, қыркүйектің 4-інде елордада ҚР Конституциясының 15 жылдық мерейтойына арналған «Ата Заңым - ардағым» атты автошеру өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Отан қорғаушылар» алаңынан бастау алған автошеру барысында еліміздің Туымен безендірілген автокөліктер елорданың орталық көшелерімен жүріп өтіп, қала тұрғындарына Конституцияның қысқаша тарихы жазылған парақшалар таратты.

Мерекелік Іс-шара «Нұр Отан» ХДП-нің «Жас Отан» жастар қанатының және «Есірткісіз болашақ» жастар корпоративтік қоры бастамасымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған.

 «Бүгінгі іс-шараға 40 автокөлік қатысуда. Автошеру жастарымыздың жүрегіндегі патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін оятуға бағытталған. Қазақстан Республикасының символдарына, Конституциясына деген құрметті көрсетуге талпынамыз», дейді Астана қаласының  ұйымдастыру-әдістемелік және тәрбиелік жұмыс басқармасының бастығы Шыңғысбек Сұлтанбеков.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.