Владимир Путин Қазақстанның әрекеттері өзгелерге үлгі боларлықтай. Қазіргі таңда бұл мемлекет бизнесті дамыту жағынан Бүкіләлемдік банк өлшемі бойынша 47-ші орында тұр. Ал Ресей әлі 120-шы орында – РФ Үкіметінің басшысы Владимир Путин
04 | ақпан | 2012   Сенбі  
EUR 195.52     USD 148.72     RUB 4.92     CNY 23.60
АСТАНА    күндіз -26..-28   түнде -35..-37
Халықаралық көрмелер бюросына Қазақстанның «АСТАНА-2017» өтінімі топтамасы тапсырылды Атмосфералық ағындардың әсерінен қар жауып, жел күшейіп, аяздар сақталады - Қазақстандағы 4 ақпанға арналған ауа райы Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды Діндер съезіне әлемнің 45 елінен 70-тен астам делегацияның келуі күтілуде Ұлттық компанияларда біраз қысқартулар болады - Ө. Шөкеев Еуропада 160-тан астам адам үсіп өлді 25 қазанға дейін қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің қызметі сот шешімімен тоқтатылады - Дін істері агенттігі «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының орталық аппараты 26 пайызға қысқарады Қарағанды облысында Топар - Жезқазған жол учаскесінде көлік қатынасы шектелді «Шахтинская» шахтасында орын алған апаттың салдарынан жұмыс тоқтатылды, қаза болғандар жоқ Қазақстанда тұңғыш рет жылтыр қармақпен қысқы балық аулаудан Әлем чемпионаты өтеді Ағымдағы жылы үлескерлік құрылыстың 26 нысаны пайдаланауға беріледі - Серік Нокин Атырауда түнде қаладан шығатын барлық жолдар жабылды
06.09.2010 / 07:35
Мемлекет басшысы қаланың орталық алаңында ішкі істер органдарының өкілдерімен кездесті және жаңартылған облыстың ІІД автопаркімен танысып шықты
АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат - Жексенбі, қыркүйектің 5-і күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Өскеменге келген Президент қаланың орталық алаңында ішкі істер органдарының өкілдерімен кездесті және жаңартылған облыстың ІІД автопаркімен танысып шықты.

Келесі кезекте Мемлекет басшысы аралаған нысан «Балапан» мектепке дейінгі тәрбие орталығы болды. Орталық ең жаңа талаптарға жауап беретін түпнұсқа жоба бойынша салынған. Балабақша бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналып 280 орынға есептелінген. Оның аумағында 12 ойын алаңы, шағын сәулеткерлік түрдегі жасыл желек орналасқан. Балабақшаның ғимаратында заманауи су тазалау жүйесі бар бассейн, жаңа технология мен экологиялық таза материалдардан тұрғызылған жаттығу және музыкалық залдары орныққан. «Балапан» мектепке дейінгі тәрбие орталығы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен «Қазцинк» ЖШС арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық меморандумына сәйкес бизнестегі әлеуметтік жауапкершілік және мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында салынып отыр. Жобалық құны 960 миллионнан астам теңгені құрайды.

Одан кейін Президент Жібек Жолы көшесінің бойындағы экологиялық парктің аумағында орналасқан Теннис орталығында болды. Орталық төрт жабық теннис корты бар және 200 көрерменге арналған трибунасы, оған жалғастырыла салынған әкімшілік-тұрмыстық корпусы мен екі ашық теннис алаңы бар негізгі ғимараттан тұрады. Құрылысты салу кезінде теннис корты үшін олимпиадалық нысандарда қолданылатын әлемдегі ең жақсы материал пайдаланылған.

Мемлекет басшысының ШҚО жұмыс сапарының бағдарламасы бүгін де жалғасады. Сол күндері сондай-ақ Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының «Орнықты даму және жоғары технология» атты VII аймақаралық ынтымақтастық Форумы өтеді.     

Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ, www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.
010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz