КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.36.2012  
Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды БҚО-да бірнеше бағыттар бойынша жолдарға шектеу қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы

 
03 Қыркүйек 2010, 09:55
Ақтөбе облысында полицей өрттің алдын алды
АҚТӨБЕ.   Қыркүйектің  3-і.  ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ -  Конституция күні    Алға аудандық  ішкі істер бөлімінің   Мамандандырылған   күзет  қызметі басқармасы  взводының полиция   қызметкері Дуанбек Сарқытхан   тұрғын үйдегі  өрт оқиғасының   алдын  алды. 

Қызметтен қайтып  келе жатқан  ол   Байтұрсынов көшесіндегі  №15  үйдің     маңынан   түтіннің иісін сезеді.   Үйді айналып шыққан  ол, бірінші  қабатта      балкондардың бірі  өртеніп жатқанын көреді.   Пәтерге   енген   жалын    тұрғындардың өміріне  қауіп төндіреді.    Оқиға  туралы   полицияның кезекші  бөліміне,  өрт сөндіру  және газ қызметтеріне   хабар  берген    Сарқытхан,    үйге кіріп,    барлық пәтерлердің  тұрғындарын  оятып,      оларды көшеге  шығара бастайды.   Бірер   минуттан кейін  өрт сөндірушілер   келіп,  тілсіз жауды ауыздықтайды.

Кейіннен  анықталғандай,    өрт шыққан пәтердің  иелері   бұл  кезде      саяжайда  болып  шығады.  Саяжайдан  оралған олар, бірінші кезекте, полиция қызметкерін тауып алып,  оған алғыстарын білдірді  -   себебі  оның  қырағылығы  мен  жедел әрекеттерінің арқасында     өрт сөндірушілер    жалынды     дер  кезінде    сөндіріп,  өрттің  басқа  бөлмелерге таралуына  жол бермеген.

Ал Алға ауданының әкімі Қабай Сәрсенбаев  мамандандырылған   күзет  қызметі басқармасының бастығы Қайыржан  Даржановтың атына    хат жолдап,       азаматтық және қызметтік  борышын орындағаны  үшін  және    үйдің  тұрғындарын   жедел көшірудегі     білікті әрекеттері үшін полиция қызметкеріне алғыс айтты.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.