КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.28.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
03 Қыркүйек 2010, 08:55
Ақтөбе облысында жол инспекторына пара бергені үшін Өзбекстан азаматшасы ұсталды
АҚТӨБЕ.  Қыркүйектің  3-і. ҚазАқпарат  /Мирал Жармұхамбетов/ - Ақтөбе    облыстық жол полициясының  қызметкерлері    Самара-Шымкент тас  жолында  42 жастағы Өзбекстан  азаматы   басқарған  «Сетра» автобусын  тоқтатты.  Автобус   56 орынға арналғанына қарамастан,  оның салонында 92   жолаушы  болған. Оған қоса, автобустың алдыңғы  орындықтары  рұқсатсыз      жататын   орын етіп   жабдықталғаны  анықталды.

Жолаушылардың  шамадан   артық болғаны үшін,  басқа да  техникалық    бұзушылықтар  үшін автобус жүргізушісіне    әкімшілік айыппұл   салынды.  Бірақ  жол  полициясының  ғимаратында      автобус жолаушыларының бірі  өзін   тасымалды  ұйымдастырушымын деп таныстырып,      инспекторларға     хаттаманы  толтырмау  үшін  пара    ұсынады.

Бұл   жайында    Ұйымдасқан қылмыспен  күрес  жөніндегі басқарманың  қызметкерлеріне  хабар беріледі  және  Өзбекстанның 49 жастағы азаматшасы 20 мың теңге     ақша   беру  үстінде бұлтартпас айғақпен ұсталады. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.