
|
02 Қыркүйек 2010, 20:03 Қарағанды облысынан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бес жоба Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілді ![]() ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы ауқымында Қарағанды облысынан бес жоба Экономикалық даму және сауда министрлігімен бағдарлама шартына сәйкестігі келісілді.Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Төлеутай Рақымбеков бүгін жеделдете индустриялық-инновациялық даму бойынша үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында мәлім етті. «Бұдан бұрынғы отырыстарда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша сегіз жоба мақұлданған болатын», - деді ол. Облыс әкіімі орынбасарының айтуынша, тағы үш кәсіпорынның өтінімі Экономикалық даму және сауда министрлігінде келісуде жатыр. «Мемлекеттік субсидиялардың бір теңгесі банк несиелерінің 15 теңгесін тартады», - дейді Т.Рахымбеков. - «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бүгінгі күні қазақстандық кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың негізгі қаржы құралы болып отыр. Оның табысты жүзеге асырылуы тек банктерге ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлерге, олардың белсенділігіне тәуелді. Үйлестіру кеңесінің мүшелері «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде несиелерді субсидиялау және бөлшектеп сақтандыруға негізделген бірқатар жобаларды қарастыруда. Отырыс барысында жария етілгендей, аталмыш тізім Экономикалық даму және сауда министрлігіне бекітуге жіберіледі. Қарағанды облысының Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті қолдау облыстық басқармасының мәліметінше, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 2010 жылға шамамен 1,2 млрд. теңге бөлінді. Пiкiрлер (0)
|
|