КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.02.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
02 Қыркүйек 2010, 18:56
Таразда астықпен қамтамасыз ету жөніндегі меморандумға қол қойылды
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, Жамбыл облысы әкімдігі, «Астық одағы», «Астық өңдеушілер мен наубайшылар одағы»  бүгін Тараз қаласында астықпен қамтамасыз ету жөніндегі меморандумға қол қойды,

деп хабарлайды «ҚазАгро» ҰХ баспасөз қызметі.                                                                                                  

Меморандумның негізгі мақсаты - 1 сұрыпты формалы нанның бағасын негізсіз көтеруге жол бермеу.

Меморандумның талаптарына сәйкес, Әкімдік нан пісіретін кәсіпорындарды белгілі баға бойынша ұнмен қамтамасыз ететін астық өңдеуші-операторларды белгілейді.

«ҚазАгро» холдингі өзінің еншілес компаниясы - «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ  қолдағы астық қорынан операторларды 26 500 теңге бағамен астықпен қамтамасыз етеді.

Азық-түлік корпорациясы астықты жеткізуді 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2011 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде ай сайынғы қажеттілігіне сәйкес кесте бойынша жүзеге асырады.

Азық-түлік корпорациясының астық ресурсы кестеге сәйкес әкімдіктің өтінішін қанағаттандырмаған жағдайда «Астық одағы» операторды  көрсетілген баға бойынша астықпен қамтамасыз етуді өз міндетіне алады.

Астық өңдеу ұйымдарының астықты  мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуді бақылау  және нан өнімдеріне бағаны негізсіз көтеруге жол бермеу Әкімдіктің міндетіне жүктеледі.

 Бұдан бұрын айтылғандай, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында  Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның    үстіміздегі жылғы 26 тамыздағы отырысында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 26 500 теңге бағамен 2 миллион тонна астық сатып алу туралы шешім қабылданды.  Сатып алуды қаржыландырудың көзі Холдингке республикалық бюджеттен берілген қаражат, сондай-ақ ҚазАгроның меншікті қаражаты болып табылады.  Сатып алуды   Азық-түлік корпорациясы облыстар арасында егіннің жалпы түсіміне мөлшерлес бөлінетін белгіленген квота бойынша  жүргізеді.

Аталған шаралар ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге өздерінің қажет табыс деңгейін сақтауға мүмкіндік береді, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ  шаруалардың есеп айырысуы үшін қаражатпен қамтамасыз ету арқылы астық шаруашылықтарының қаржылық төлемпаздығын жақсартады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.