КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.45.2012  
Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды БҚО-да бірнеше бағыттар бойынша жолдарға шектеу қойылды Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы

 
02 Қыркүйек 2010, 18:35
Павлодар облысының шалғай ауылында бастауыш мектеп ашылды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Сілеті ауылдық округінің шалғайдағы Бұланбай ауылында бастауыш мектеп ашылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңадан ашылған мекеменің сыныптары жарық, мектепке су құбыры тартылған, сантехникалық құрылғылар орнатылған.

Алғашқы қоңырау күні 1-4-ші сыныптың парталарына 16 бала отырды. Мектеп ғимаратында Бұланбай ауылының 12 бүлдіршіні баратын шағын орталық пен медициналық пункт бар. Білім беру мен мектепалды білім беру ғимараты қажетті құрал-жабдықтармен, жиһазбен жабдықталған.

Мектептің ашылу күні Ертіс ауданының әкімі Владимир Левченко ауыл адамдарын осы айтулы күнмен құттықтады. Мерекелік салтанат барысында оқушыларға балалар кітапханасы, спорттық керек-жарақтар, теледидар мен оқу ғимаратына қажетті басқа да заттар сыйланды.

Шалғайдағы Бұланбай ауылы гүлдену үстінде, ауылда жас мамандар мен жас отбасыларға арналған 10 пәтер салу жоспарлануда.

 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.