|
02 Қыркүйек 2010, 18:29 KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,26 теңге АЛМАТЫ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған KASE-нің «В» санатындағы 12 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі. Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) жасалды. USDKZT_SPT және EURKZT_SPT бойынша сауда бүгін KASE-де қыркүйектің 6-сы АҚШ-та мерекелі күн - Еңбек күні болуына байланысты өткізілмеді. Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 147,26 теңгені құрап, сауда көлемі 10 600 мың АҚШ доллары болды. Т+2 есептерімен АҚШ доллары бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ. Т+1 және Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ. Пiкiрлер (0)
|
|