КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.33.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
02 Қыркүйек 2010, 18:28
Батысқазақстандық археологтар Жәнібек ауданы аумағынан ежелгі қорымды тапты
ОРАЛ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ -   Батысқазақстандық археологтар Жәнібек ауданы аумағындағы Ақадыр-2 ескерткішіндегі 44 қорымның бірінен ересек еркек пен әйел адамның және екі жас баланың сүйектерін тапты.

Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері Яна Лұқпанованың пікірінше, ғалымдар қорғанның темір дәуіріне, б.э.д. ҮІ-ІV ғасырларға жататынын айтып отыр. Бұны қорымнан табылған б.э.д. V ғасырға  тиесілі жебенің қоладан құйылған ұшы да дәлелдейді.

Қорымды бұл жерге кейінірек келген сарматтар тонауы мүмкін. Көшпенділер қабірді адақтап болған соң, оны әрі қарай тереңдете, кеңіте қазып, оған өз тайпаластарын жерлесе керек.

Үңгірде қаз-қатар жатқан үш қаңқа еркек, әйел және бір жасқа толмаған  баланікі екендігі анықталды. Ер адамның жауырынының астынан сынған қола айна табылды. Ежелгі көшпенділерде айнаны сындыру дәстүрі белгілі бір мән-маңызға ие болғаны мәлім.

Әйел адамның жанына шеберлердің қолымен құйылған қыш ыдыс, жіп иіретін ұршықтың басы, әйнектен жасалған моншақ қойылған және бас жағында құрбандыққа шалынған жануардың сүйектері болған. Бала тікбұрышты етіліп ағаштан қашалған қола қоспалары бар тұмар тәрізді әдемі сәндік алқамен жерленген. Жерленгендер бір әулеттің мүшелері ме, жоқ па - анығын антрополог-мамандар айтпақ.

Қабірден біраз қыш құмыралар алынды. Бізді ұстайтын тұтқасы, ас құятын аузы бар, зерленген ыдыста тамақтың қалдықтары сақталып қалғандығы қызықтырды. Құмыра ортан беліне дейін сары түсті сұйық тамақпен толтырылған. Алайда ыдыстың түбіндегі арнайы тесіктер арқылы ас-су жерге төгіліпті. Құмыра тұрған жердің топырағы да сарғыш түске боялған.

Қазба барысында табылған жәдігерлер енді ғалымдардың нақтылы сараптамасынан өтпекші. Жалпы жер астынан үш метр тереңдікте қазылған қорым құрылысының өзі көңіл аударуға тұрарлықтай өте үлкен. Ені - 3, биіктігі  - 1,5 метр. Іші ірілеу келген сопақша қыш тастармен толтырылып, араларына ұсақ құм себілгендігі де қазба жұмысына қатысқандардың назарын аудартыпты. Ең қызығы - жоғарыдағы үлкен қорымның іргесінен 5 жасар балаға арналған кішірек жерлеу орны табылды. Құрылысы, архитектурасы бойынша тура үлкен қорым тәріздес. Яна Лұқпанованың сөзіне қарағанда,  б.э.д. ІІ ғасырдағы көшпенділер қоғамы үшін сәби айрықша маңызды рөлге ие болса керек.

Ақадыр-2 - аудан тарихындағы 2010 жылға дейін қазылған үшінші қорған. Ұзындығы 1200 метр болатын ескерткіш Ақадыр ауылынан солтүстік-шығысқа қарай үш шақырым қашықтықта жатыр.

Өткен жылы Майтүбек ескерткішіне тиесілі қорғаннан да жауынгер кейпінде жерленген бес жасар баланың сүйектері, мойынға, қолға тағатын моншақтар, төңкерілген кішкентай қазан және қайрақ табылған болатын. Бала сары түсті металдан жасалған өрнектермен әшекейленген киіздің үстіне жатқызылыпты.

Бұл - Жәнібек ауданында басталған зерттеу жұмысының басы ғана. Келер жылдары үлкен археологиялық олжадан үмітті ғалымдар Ақадыр-2 кешенінде қазба жұмыстарын одан әрі жалғастырмақшы.

Жәнібек Ресейдің Волгоград, Саратов облыстарымен шектесетіндіктен,  шекарадағы Сарыөзен мен Тарғын өзендерінің маңын ресейлік археологтармен бірігіп зерттеп шығу да жоспарланған. Қос өзеннің айналасы арақашықтығы 50, 100, 200 метрлік үлкенді-кішілі обаларға толы. 

Жалпы, Жәнібек ауданының аумағы аз зерттелген. Алғаш рет 1980 жылы жергілікті ғалым Борис Железчиков бастаған археологтар қазіргі Тау (бұрынғы Қайрат) ауылының қасындағы жалғыз қорым үстінен  су құбырын тартып жатқандықтан, жедел түрдегі қазба жұмыстарын жүргізген.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.