КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.05.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
02 Қыркүйек 2010, 17:51
Қазақстан ауылшаруашылық өнімдерімен 1,5 миллиард адамды қамтамасыз ете алады - Алматыдағы конференция
  АЛМАТЫ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қазақстан өзінің ауылшаруашылық егістіктерінің   ресурстары мен климаттық ерекшеліктеріне  қарай,   ауылшаруашылық өнімдерімен 1,5 миллиард адамды қамтамасыз ете алады.

       Бұл туралы бүгін Алматыда «Terra Madre-Kazakhstan» фестивалі аясында "Табиғи органикалық ауылшаруашылық және салауатты тамақ өнімдері, қауіпсіздік азық -түліктің негізі ретінде" деген тақырыппен өтіп жатқан конференция барысында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғылым жөніндегі проректоры Сансызбай Абылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.       

Оның айтуынша,  елімізде ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісін өсіру потенциалы болып табылатын 100 миллион гектар жер ресурстары қолданылмайды. "Ал, органикалық ауылшаруашылық  өнімінің  халықаралық  нарығы жыл сайын орта есеппен алғанда 15-20 пайызға өсіп  жатыр. Соңғы жылдардағы қымбатшылыққа байланысты отандық фермерлер пестицидтер мен  гербицидтерді қолданбайды. Бұл органикалық ауылшаруашылығын  дамытуға   жағымды жағдайлар  жасауда", деді   Сансызбай Абылай.

Ол сонымен қатар, "Еліміздегі тарихи қалыптасқан дәстүрлі мал жайылымдарының арқасында үй жануарлары жабайы шөптермен қоректеніп, жыл бойы қорада тұруды қажет етпейтіндіктен, бұл да  органикалық ауыл шаруашылықты дамытуға қолайлы жағдай", деп атап өтті.

Оның айтуынша, органикалық еттің, сүт өнімдерінің, жемістер мен көкөністердің, сонымен қатар, жаңғақтар мен дәнді өнімдердің әлемдік нарығы  қалыптасу үстінде және өз деңгейінде дамымаған. "Сондықтан, біздің  ел үшін жоғарғы орындарға шығуға үлкен мүмкіндіктер бар және аймақтық деңгейде ірі ойыншы емес, ал әлемдік деңгейдегі ірі ойыншы болуымызға әбден болады", деп атап өтті ол. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.