|
02 Қыркүйек 2010, 17:25 ТМД-ның Желілік университеті алғашқы оқушыларын қабылдады МӘСКЕУ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Нарымбек Смағұлов/ - ТМД-ның Желілік университеті аясында оқуларын бастаған Достастыққа мүше сегіз елдің 141 студенті Ресейдің төрт ЖОО-ларында білім алуды бастады. ТМД-ға мүше мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының баспасөз қызметі хабарлағандай, студенттер Ресейдің халықтар достастығы университетінде, Санкт-Петербор мемлекеттік университетінде, Мәскеу мемлекеттік заң академиясы мен Новосібір мемлекеттік университетінде білім алатын болады. «ТМД-ның Желілік университеті» жобасын Ресейдің халықтар достығы университеті 2008 жылы бастаған болатын. Жобаға ТМД-ға мүше мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры қолдау көрсетеді. Желілік университеттің құрамына жалпы сегіз елдің, Армения, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан мен Украина елдерінің ЖОО-лары кіреді. Пiкiрлер (0)
|
|