КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.50.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
02 Қыркүйек 2010, 17:22
Қазақстанда алтын өндірісін жылына 75 тоннаға дейін арттыру үшін жаңа аффинаждау зауыты салынады
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстанда алтын өндірісін 2015 жылға қарай жылына 75 тоннаға дейін жеткізу үшін жаңа аффинаждау зауыты салынады. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.

А.Рау, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда 2015 жылға қарай алтын өндіру мен қайта өңдеуді екі есеге дейін арттыру тапсырмасын қойғанын атап өтіп, бүгінгі күні алтын өндірісі бойынша қосымша бағдарлама (ред.-Геологиялық барлау бағдарламасына) әзірленіп жатқанын айтты.

Оның шеңберінде жер қойнауын пайдалану мен барлау жұмыстарын жүргізу, жаңа комбинаттар мен аффинаждау зауытын салу, осы салада жұмыс істейтін әлемдегі ең үздік өндірушілермен байланыстар орнату қарастырылып отыр. Ал қазақстандық компаниялармен жұмыстар бүгіннен басталып кеткен.

«Қазір бізде екі аффинаждау зауыты бар - «Қазақмыс» пен «Қазцинк». Қазақстанға негізгі бизнесі осы салаға бағытталған тағы бір зауыт керек», - деді ол.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан жылына 38 тонна алтын өндіреді. Меже жылына 75 тоннаға дейін арттырылған жағдайда, мемлекет әлем бойынша алдыңғы 10 елдің қатарына кіруі мүмкін.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.