КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.33.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
02 Қыркүйек 2010, 17:01
Қазақстандық боксшы қыздар Әлем чемпионатына қатысады
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -   Щучинскіде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан бокстан еліміздің ұлттық құрамасының мүшелдері  бүгін түнде әйелдер боксынан қыркүйектің 9-19 күндері  Барбодостың Бриджтаун қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысуға аттанады, 

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Аға бапкер  Вадим Присяжнюктің айтуынша, онда ел намысын 10 спортшы қорғайды. Олар - Назгүл Боранбаев (48 кг), Әйгерім Асқарова (51 кг), Оксана Королева (54 кг), Дина Жоламан (57кг), Гүлжайна Уббиниязова (60 кг), Саида Хасенова (64кг), Мөлдір Базарбаева  (69кг),  Дариға Шакимова (75 кг), Марина Вольнова (81 кг) мен  Юлдуз Маматкулова (+81кг).

         Кіші Антиль аралдары тізбегінде жатқан Барбодос астанасындағы бұл дүбірлі дода 10 күнге созылады. Ұлттық құрама бұл елден Қзақстанға қыркүйектің 21-і күні оралмақ.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.