КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.38.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
02 Қыркүйек 2010, 16:50
Мәжіліс төрағасы Жапонияның парламенттік делегациясын қабылдады
 АСТАНА.  Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті  Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Жапония Парламенті Өкілдер Палатасының Халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы Мунэо Судзуки мырза бастаған делегациямен кездесті.

Жүздесу барысында Мәжіліс Төрағасы Жапония 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алғашқылардың қатарында танығанын айтып, содан бері екі арадағы экономикалық, саяси және гуманитарлық байланыстардың кең қанат жайып келе жатқанын атап өтті. «Қазақстан мен Жапонияны әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке, тұрақтылыққа, экстремизм мен лаңкестікке, жаппай қырып-жою қаруларын таратпауға бірлесе қарсы  тұру мәселелеріндегі ортақ ұстанымдары да жақындастыра түседі. Бұл ретте Мәжіліс Төрағасы әлемде қуаты жағынан төртінші орында тұрған ядролық қарудан бас тарту, Семей полигонын жабу секілді Қазақстанның теңдессіз қадамы туралы әңгіме өрбітті. Бұдан бөлек Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ ретінде жариялау туралы келісім де еліміздің бастамашылығымен жүзеге асуда», делінген Мәжіліс баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Тоқтала кететін жайт,  биылдан бастап, Қазақстан Президентінің ұсынысымен  тамыздың 29-ы БҰҰ-ның Ядролық қарусыздануға қарсы халықаралық күні болып аталып отыр. Сөз арасында Мәжіліс спикері ағымдағы жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық жасап, ұйым беделінің одан әрі арта түсуіне жан-жақты әрекет етіп жатқанын атап өтті.

Жапондық мейман өз кезегінде екі мемлекет арасында ынтымақтастық келешегінің зор болатына сенім білдірді. Бұндай ынтымақтастықты парламентаралық байланыс арқылы жандандыру қажеттілігі айтылып, заң шығармашылығында тәжірибе алмасу жайы сөз болды.  


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.