КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.14.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
02 Қыркүйек 2010, 15:29
Үкімет банктік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасын мақұлдады
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкімет отырысында «Банктік қызметті және қаржылық ұйымдарды реттеу мәселелері жөніндегі бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.

 ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутованың айтуынша, бұл құжат Елбасының биылғы Жолдауында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген. Айта кетейік, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында банктерді ашық немесе жасырын аффилирленген құрылымдардан аулақ ұстау қажеттігіне тоқталып, банктердің тек қана банк қызметімен айналысуын және олардың қызметінің барынша мөлдір болуын қатаң бақылауға алу керектігін тапсырған болатын.

Е. Бахмутованың айтуынша, заң жобасында акционерлердің банктерге ықпал ету бөлігіне шектеу қою көзделіп отыр. Оған сәйкес, бірде -бір тұлға тікелей немесе жанама банктің 25 пайыз немесе одан да көп акцияларына иелік ете алмайтын болады. Сонымен қатар, құжатта  банктерге өзінің еншілес және тәуелді ұйымдарындағы директорлар кеңесіндегі өкілдерін үштен бірге дейін қысқарта отырып, олардың  операциялық қызметіне араласуына шектеу қою ұсынылып отыр.  Бұдан бөлек, құжатта банктерге және банктік холдингтерге банктік операцияларды-инкассацияларды, банктік қызметтерді автоматтандыруды, секьюритизациялауды орындаумен байланысты қаржылық ұйымдарды және басқа да ұйымдарды есепке алмағанда, кез-келген қаржылық ұйымдардың акцияларын сатып алуға тыйым салу көзделген. Е. Бахмутова құжаттағы банктік қызметті және қаржылық ұйымдарды реттеуге қатысты басқа да ерекшеліктерге тоқталып өтті. Үкімет мүшелері заң жобасын бірауыздан мақұлдады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.