КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.29.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
02 Қыркүйек 2010, 15:24
Үкімет Мәжіліске ұсынылатын заң жобаларының сапасына айрықша мән беруі керек - Мәжіліс Төрағасы
  АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Үкімет Мәжіліске ұсынылатын заң жобаларының сапасына айрықша мән беруі керек. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында жиынды ашып сөз сөйлеген палата Төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай мәлім етті.

«Бюджет үдерісінде Парламент рөлінің үздіксіз артуына ұмтылуымыз керек. Парламент депутаттары бюджет жобасына қойылатын нысаналы нұқсаулары мен талаптарын заң жобасы енгізілгенге дейін айқындап алуға тиіс. Бұл ретте, Президенттің мемлекеттік шығыстарды азайту және шұғыл қажеттіліктер үшін қаржы резервтерін қалыптастыру туралы тапсырмасын ескеру қажет», деді  О. Мұхамеджанов. Оның айтуынша, заң шығару үдерісі Мәжілістің Үкіметпен тығыз байланыста болып, қоян-қолтық іс-әрекет жасауын талап етеді. Бұл ретте палата Төрағасы Парламент пен Үкіметтің өзара келісімді түрде іс-қимыл жасауды жалғастыра беруінің маңызы зор екендігіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, осындай келісімді жұмыс қана алдағы реформалардың табысты болуын қамтамасыз ете алады.

«Бұл тұрғыда айта кететін мәселе, Үкімет Мәжіліске ұсынылатын заң жобаларының сапасына айрықша мән беруі керек. Өкінішке орай, Мәжілістің қарауына жетілмеген, қалай болса солай құрастырыла салған жобалардың  түсуі жиі орын алып тұрады», деді спикер.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.