КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.23.2012  
Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды БҚО-да бірнеше бағыттар бойынша жолдарға шектеу қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы

 
02 Қыркүйек 2010, 14:51
Астананың стационарлары мен емханалары өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеуде
АСТАНА.  Қыркүйектің  2-сі. ҚазАқпарат /Гүлнәр  Жандағұлова/ -     Басқа  өңірден     ағылған  адамдардың көптігіне   байланысты   Астананың стационарлар мен  емханалары   өз мүмкіндіктерінің шегінде  жұмыс істеуде.

Бұл туралы  бүгін  «Нұр Отан» партиясының  Астана филиалында өткен  сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес пен  партиялық бақылау комиссиясының      отырысында      елордалық  денсаулық сақтау басқармасының бастығы   Дәулетхан  Есімов  мәлім етті.

Қаңтардың  1-інен  бастап Қазақстанда   Денсаулық сақтаудың  бірыңғай  ұлттық   жүйесі   жұмыс істей бастағаны баршаға   аян.   Бұл   жүйенің    негізгі мақсаты -   халыққа   көрсетілетін  медициналық   қызметтің сапасын  арттыру,  медициналық   қызметкерлердің  кәсіби өсуін  ынталандыру  болып табылады.

Дәулетхан  Есімовтің айтуынша,     Денсаулық сақтаудың  бірыңғай  ұлттық   жүйесі Астанада сәтті  жүзеге асырылуда.   Бірақ та,    бұл бастама елордалық  медициналық мекемелердің  өз  мүмкіндіктерінің   шегінде  жұмыс істеулеріне   әкеліп отыр.

«Астанаға   мұншалықты  көп  науқастар  ағылады деп  кім  ойлаған.  Бірақ, іс жүзіндегі жағдай солай.   Адамдар    алыстан келіп,    біздің емханаларымызда    қала тұрғыны ретінде  тіркелуде және    біздің  стационарларымызда  емделуде», -  дейді  департамент басшысы.

«Осыған  орай,  қыркүйектің  1-індегі жағдай  бойынша  біз    науқастарды   қабылдаудың   жылдық  шекті    көлемін  толық  орындап    біттік.    Және  бізге   азаматтарды емдеуге   тағы қосымша   шекті көлем   қажет болып  отыр.  Біз  Денсаулық  сақтау министрлігіне   өтініш жасадық,  бірақ әзірге  бізге 10 мың  шекті  көлем ғана берілді.   Мұның  өзі  жеткіліксіз.    Жылдың  соңына дейін біз   шамамен тағы осындай шекті   көлемге қызмет көрсетуіміз керек»,- деп  түсіндірді     Д.Есімов. 

Департамент басшысы   өз сөзінде атап көрсеткендей,    «қаладағы  стационарлар  мен  емханалар   өз  мүмкіндіктерінің  шегінде  жұмыс  істеуде».    Сондықтан да,    оның пікірінше,       жаңа емханалар  салу  бүгінгі күннің   тәртібіндегі     өткір  мәселелерінің бірі.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.