КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.12.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
02 Қыркүйек 2010, 14:49
Арал маңы аумағының экологиялық жағдайы әлі де болса халық денсаулығына қауіп төндіруде
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Арал маңы аумағының экологиялық жағдайы әлі де болса халық денсаулығына қауіп төндіруде. Бұл туралы бүгін Үкіметте 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасын таныстыру кезінде Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрңғали Әшімов айтты.

«Экологиялық апат аймағына жатқызылған Арал маңы аумағының экологиялық жағдайы әлі де күрделі. Көрсетілген проблемалар тікелей экологиялық жүйелерге ғана емес, халық денсаулығына да қауіп төндіруде. Әсіресе, олар тыныс органдары, онкология, жүрек-тамыр жүйесі, тері, жүйке ауруларымен науқастану және өлу деңгейі жоғары республиканың ірі қалаларында және өнеркәсіптік орталықтарда шоғырланған.», деді Н. Әшімов.

Сонымен қатар, Н. Әшімов Қазақстан аумағының үлкендігінен ластану аумағы аз болып көрінуі мүмкіндігін айта келе: «Бірақ,  шөлейттенген және тозған жерлердің аудандары ел аумағының 70 пайызын құрайды. Мысалы, 182 млн. гектар жайылымдардың 26 млн. гектары тозудың шекті дәрежесіне жеткен», деді.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.