КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.21.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
02 Қыркүйек 2010, 14:35
Келесі аптада Астана қаласында Беларус Республикасының Мәдениет күндері өтеді
АСТАНА.  Қыркүйектің  2-сі. ҚазАқпарат -   Қыркүйек  айының 6-8-і аралығында Астана қаласында Беларус Республикасының Мәдениет күндері өтеді. Бұл туралы  ҚазАқпаратқа    Байланыс және ақпарат  министрлігі Ақпарат және  мұрағаттар комитеті баспасөз бұқаралық ақпарат  құралдары басқармасынан  хабарлады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы қарашаның  25-26-сында Беларус Республикасына жасаған  ресми сапарының қорытындысы бойынша  және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың тапсырмасын орындау мақсатында  жүзеге асырылатын  аталған  іс-шара шеңберінде «Классик-авангард» жеке орындаушылар ансамблінің концерті, қазіргі заманғы беларусь кескіндемесінің көрмесі және беларусь киносының күндері  жоспарлануда.

Беларус Республикасының Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы   
қыркүйектің  6-сында сағат 19.00-де К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында өткізіледі.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.