КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.35.2012  
Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды БҚО-да бірнеше бағыттар бойынша жолдарға шектеу қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы

 
02 Қыркүйек 2010, 14:30
Ильинка кентіндегі мектепті толықтай пайдалануға беру қараша айына жоспарланып отыр - басқарма бастығы В.Лютов
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Гүлнара Жандағұлова/ - Ильинка кетіндегі мектеп қараша айында пайдалануға беріледі. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП Астанадағы филиалының партиялық бақылау комиссиясы мен Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысында  Астана қаласы құрылыс басқармасының бастығы  Владимир Лютов мәлім етті.

Ильинка кетіндегі 1 200 орынға арналған мектеп мемлекеттік жекеменшік серіктестік бағдарламасы бойынша қаржыландырылып, шешімі табылмаған мәселесі көп нысанға айналған. Қазір бұл жерде 150-дей адам жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады В.Лютов.

«Қараша айында біз мектепті пайдалануға береміз. Мектеп 100 пайыз қардыландырылған. Жобалық-сметалық құжаттама тексерілген. Осы құжаттамаға енбей қалған көптеген техникалық жұмыстар анықталды», - деді В.Лютов.

Сонымен қатар құрылысты аяқтамаған компаниялар құрылыс салуға рұқсат беретін лицензияларынан айырылып, олардың аттары адал жұмыс істемейтін мердігерлердің тізіміне жіберілді. «Яғни, бұл компания құрылысқа қатысты өткізілетін кез келген байқауларға ешқашан қатыса алмайды», - деп толықтырды В.Лютов.

Астанада 65 мемлекеттік мектеп, 14 мемлекеттік емес мектеп және бір кешкі мектеп бар.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.