КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.11.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
02 Қыркүйек 2010, 14:22
Ядролық қарусыз әлем құру үшін Қазақстан мен Жапония күш біріктірулері керек - М. Судзуки
АСТАНА.  Қыркүйектің  2-сі.  ҚазАқпарат  /Асқар  Бимендин/ -     Қанат  Саудабаев  пен Мунеэ Судзуки   Қазақстанның  Сыртқы  істер министрлігінде  болған  кездесуде  ядролық қарусыздану     және    бейбіт атомды  дамыту   саласындағы  ынтымақтастықтың  перспективасын талқылады.

Қазақстанның  Мемлекеттік  хатшысы -сыртқы  істер министрі Қанат Саудабаев Жапония Парламенті   Өкілдер  палатасының халықаралық  істер  жөніндегі  комитетінің төрағасы Мунеэ Судзукимен     болған кездесудің барысында  ядролық қауіпсіздік  тақырыбына тоқталып,    осыдан  65   жыл   бұрын   орын  алған  Хиросима мен Нагасакидің  бомбылануы  туралы    оқиғаны Қазақстанның  әрқашан  есте сақтайтынын   атап көрсетті. 

Қ.Саудабаев  сөз сөзінде сондай-ақ,     бір жарым миллионнан астам  қазақстандықтың  да    Семей полигонында  40   жыл бойы   жасалған     ядролық сынақтардан  зардап шеккенін айтып  өтті. 

Өз кезегінде  М.Судзуки мырза,     жаһандық  қауіпсіздікті  нығайтудағы Қазақстанның  қомақты үлесін атап көрсетті.

Тараптар, ядролық қарусыз  әлем  құру үшін  Қазақстан  мен  Жапония  күш біріктірулері керек,  деген   ортақ   пікірге келді. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.