КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.54.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
02 Қыркүйек 2010, 13:54
Батыс Қазақстанның тағы бір ауылына «көгілдір отын» жеткізілді
ОРАЛ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ -   БҚО-ның Зеленов ауданы Өркен ауылына табиғи газ жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш елді мекендегі газ алауын жағу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімовтің атап өткеніндей, соңғы жылдары облыс аудандарын газдандыру қарқынды жүргізіліп келеді. Қазіргі кезде тұрғындарды газбен қамту 78 пайыз болса, бұл жыл аяғына дейін 82 пайызға жетпек.

БҚО елді мекендерін газдандырудың 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасына сәйкес аталмыш ауылға ұзындығы 12,2 шақырым газ құбыры тартылды. Енді осындағы 73 үй мен әлеуметтік нысандар «көгілдір отынның» рахатын көрмек. Газ құбырын тарту жұмыстарын «Батысгазстрой» ЖШС (басшысы Сапарғали Айтқалиев) уақтылы әрі сапалы атқарып шықты.

Бұрын Степной аталған ауыл биыл Өркен болып өзгертілген еді. Енді, міне, сол ауылға газ келді.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.