
|
02 Қыркүйек 2010, 13:12 Премьер-Министр өңірлердегі орта білім беретін нысандардың жаңа оқу жылына дайындығын тексеру үшін бас инспекторларды жіберуді тапсырды ![]() АСТАНА. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Премьер-Министрдің кеңсесіне өңірлердегі орта білім беретін нысандардың жаңа оқу жылындағы дайындығын тексеру үшін бас инспекторларды жіберуді тапсырды. Ол бұл тапсырманы бүгін селекторлық форматындағы Үкімет отырысында берді. Үкімет басшысының айтуынша, бас инспекторлар білім беру нысандарын тексергеннен кейін, олардың нақты жағдайы туралы өзіне егжей-тегжейлі баяндама әзірлейді. «Содан кейін қандайда бір шешім, бұрындары келіскеніміздей, кінәлі кадрларды жұмыстан босату туралы шешім қабылдайтын боламыз», деді К. Мәсімов. Премьер-Министрдің айтуынша, қыркүйектің басында білім беру маусымы басталғанда мектептердің оқу жылына дайын болуы түптеп келгенде, орталық және жергілікті жерлердегі биліктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы орайда, Үкімет басшысы облыс, аудан және қала әкімдеріне дайын емес мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын аяғына дейін жеткізуді тапсырды. Пiкiрлер (0)
|
|