КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.08.2012  
Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды БҚО-да бірнеше бағыттар бойынша жолдарға шектеу қойылды ?????: ???? ????????? 6 ??????? ??????? ????????? ??? ?????????? - ??? ??????????? Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы

 
02 Қыркүйек 2010, 11:55
Жамбылдық білім мекемелерінде халықаралық білім модельдері енгізілуде
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ.   Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ -   Жамбылдық білім мекемелерінде    халықаралық  білім модельдері  енгізілуде,  деп  хабарлады     Жамбыл облыстық  әкімдігінің  білім басқармасынан.

«Облыстың кәсіптік білім беруші  ұйымдары, ҚР Білім және ғылым  министрлігінің  қолдауымен,     жаңа  білім   беру модельдері мен  технологияларын насихаттау мен   оларды енгізудің  халықаралық  әлеуметтік серіктестігін  жолға қойып  отыр», -   дейді    білім басқармасының бастығы Сұлушаш  Құрманбекова. 

Атап  айтқанда, Жамбыл  политехникалық колледжі осымен  үшінші  жыл  «Есеп  және  аудит» мамандығы  бойынша «Қыздар  мен  әйелдерді  кәсіптік білім беру және Қазақстанда  білім беру   жүйесін    реформалау    үдерісін  қолдау»    атты қазақстан-герман жобасы  бойынша жұмыс істеп келеді.   Жобаның мақсаты -  жалпыға  міндетті стандарттар мен  бағдарламаларды    әзірлеу  және жетілдіру  саласында Германия мен Қазақстанның арасында    идеялар  алмасу.

«Биыл  осы  жоба   бойынша колледж    алғашқы түлектерін  ұшырды.    Колледждің  бес оқытушысы     шетелде   біліктіліктерін  жетілдіріп  қайтты»,- дейді  С.Құрманбекова.

Сондай-ақ, Жаңатастағы   №5  кәсіптік  лицей де   «Техникалық және    кәсіптік білім беруші  мекемелердегі басшылық және  менеджмент» атты     қазақстан-герман бірлескен жобасының  негізінде жұмыс істейді.   Лицейдің  өндірістік  оқытушы  үш шебері     Германияның Маннгейм қаласында   оқу курсынан өтіп келді. 

Ал   2009   жылы Тараз мемлекеттік университетінің жанындағы көпсалалы колледжде     қазақстан-норег   жобасы  бойынша семинар өтіп,  оған     облыс  колледждерінің    30-дан астам информатика   оқытушылары  қатысты. 

Біліктіліктерін  жетілдіру мақсатында,    колледждер мен  лицейлердің   экономикалық пәндерінің  20 оқытушысы    USAID-Kurse бағдарламасы  бойынша  «Бизнеспен танысу» оқу курсынан өтті.

Қаратау гуманитарлық-техникалық  колледжі мен   Тараздағы  «Аспара»    модельдік  өнер  колледжі    Англияның  Хэйвринг  және  Бредфорд колледждерімен,  Кэмбридж өңірлік  колледжімен    ынтымақтастық туралы келісімшартқа отырды.

«Елбасы  өзінің     дәстүрлі Жолдауларында,    жастарға сапалы  кәсіптік білім беру -     біздің еліміздің   әлемдік  қоғамдастықтағы  экономикасын дамытудың  маңызды тетігі болып табылатынын   бірнеше рет айтып өткен болатын»,  - деп  атап көрсетті С.Құрманбекова өз сөзінде.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.