
|
02 Қыркүйек 2010, 11:10 Ел Үкіметі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасын мақұлдады ![]() АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ел Үкіметі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасын мақұлдады. Бүгін Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңес барысында бағдарлама жобасын ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков Министрлер кабинеті мүшелерінің назарына ұсынды. Оның атап өтуінше, мемлекеттік бағдарлама бойынша 288 ұсыныс пен ескертулер келіп түсіп, оның 104 аталған құжатқа енгізілген. Бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылатын болады. Бірінші кезең 2011-2015 жылдарды, екінші кезең 2016-2020 жылдарды қамтиды. «2011 жылдан бастап 2013 жылға дейін үш жылдық бюджеттен бағдарламаны қаржыландырудың қосымша мөлшері мемлекеттік бюджеттен 151 млрд. 159 млн. 213 мың теңгені, оның ішінде 2011 жылы 50 млрд. 627 млн. 776 мың теңгені құрайды», деген С. Сарыбеков кейінгі жылдардың шығыстары мемлекеттік бюджетті түзу барысында қарастырылатындығын атап өтті. Мемлекеттік бағдарламаның негізгі стратегиясы - азаматтардың материалдық және рухани әл-ауқатын жақсарту, экономиканың тұрақты дамуы үшін баршаға арналған сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту. Аталған бағдарламада 9 бағытты іске асыру көзделген. Пiкiрлер (0)
|
|