КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.43.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
02 Қыркүйек 2010, 10:51
ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа лайықты үлес қоса алатын беделді мемлекетке айналғанын көрсетеді - Мәжіліс төрағасы О. Мұхамеджанов
  АСТАНА.  Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа лайықты үлес қоса алатын беделді мемлекетке айналғанын көрсетеді. Бүгін Парламент Мәжілісінің алғашқы отырысында палата төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай мәлім етті.

«Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі аясында өтіп жатқан ағымдағы жыл еліміз үшін ерекше маңызды. Осындай беделді халықаралық ұйымға төрағалық етудегі табысымыз да аз емес. Оған ағымдағы желтоқсан айында өтетін ЕҚЫҰ  Мемлекет басшыларының саммиті дәлел. Қазақстанда мұндай саммит өткізу туралы шешім қабылдау оның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси дамудағы қол жеткізген жарқын табыстарын объективті түрде тану болып табылады. Сонымен бірге бұл шара еліміздің жаһандық қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа лайықты үлес қоса алатын беделді мемлекетке айналғанын айғақтайды», деді О. Мұхамеджанов.

Сонымен бірге палата төрағасы мұның барлығы еліміздің әлеуметтік бет бейнесін қалыптастырып, іргесін нығайтуға баға жетпес үлес қосқан Елбасының еселі еңбегі арақсында екендігін атап өтті. «Сондай-ақ мұның өзі Нұрсұлтан Назарбаевтың шынайы әлемдік ауқымдағы Елбасы ретінде танылып отырғанын көрсетеді», деді О. Мұхамеджанов.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.