КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.48.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
02 Қыркүйек 2010, 10:39
Төтенше жағдайлар министрлігі Азия ойындары өтетін нысандарда арнайы-тактикалық оқулар өткізеді
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Тамыздың өткен 31-і күні ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, 2011 жылғы 7-ші Қысқы Азия ойындарына Алматы облысы мен Астана және Алматы қалаларынан қатыстырылатын нысандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы-тактикалық оқулар өткізу жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында Төтенше жағдайларды жою департаментінің директоры генерал-майор Диханбек Сатылғанов, Азиада ойындарын өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Мәселен, төтенше жағдайлар қалыптасқан жағдайда жедел әрекет ету мақсатында, спорттық нысандар мен делегациялар орналастырылған жерлерге ТЖМ-ның күштері мен жеке құрамнан жасақталған кезекшілік бекітілетін болады. Кезекші топтың құрамына өрт қызметтері, Апатты медицина орталығының дәрігерлері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жедел медициналық жәрдем қызметтері мен құтқарушылар кіреді. Сондай-ақ Азиада барысында «Қазавиақұтқару» РМК да тұрақты кезекшілікте болады.

Сонымен бірге, 7-ші Қысқы Азия ойындары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарына сәйкес, үстіміздегі қыркүйек айының 13-18 күндері аралығында Алматы облысы мен Астана және Алматы қалаларынан ойынға қатыстырылатын нысандарда ТЖМ-ның құрылымдары мен кәсіби апатты-құтқару қызметтерінің қатысуымен «Қазқұтқару-2010» тактикалық-арнайы оқуларын өткізу жоспарлануда.

Оқуларға ТЖМ-ның аймақтар бойынша департаменттері мен құрылымдарының жеке құрамдағы 1132 адамы, 172 техникасы жұмылдырылады.

 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.