КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.05.2012  
Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды БҚО-да бірнеше бағыттар бойынша жолдарға шектеу қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы

 
02 Қыркүйек 2010, 09:14
Солтүстік Қазақстанның агроқұрылымдары астық танабының 50 пайыздан астамын бастырып болды
ПЕТРОПАВЛ.   Қыркүйектің  2-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ -  Еліміздің    астық себуші   ірі  өңірі  саналатын   Солтүстік Қазақстан  облысының    егіс  даласында   егін орағы  жалғасуда.   Биыл   аймақта    4 миллион тоннадай    астық  жинау  жоспарлануда. 

Егін орағында Қызылжар  ауданының  шаруашылықтары көш бастап   келеді.    Аққайың  ауданының  дихандары  да  жақсы  еңбек етуде.   Біржан  Шәймерденов    басшылық  ететін  «Дайындық» ЖШС-нің    еңбекшілері  егін орағын  алғашқылардың бірі  болып   аяқтап  отыр.    Бұл шаруашылық гектарынан  15 центнерден,  ал парлардан -  гектарынан  23-25 центнерден   астық  жинады.

Облыс әкімі Серік Біләлов,     ауа райының   жағдайын ескере  отырып, дихандарға егін орағын    қыркүйектің  20-сына дейін аяқтау  туралы міндет қойды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.